Ғылыми кеңес

Ғылыми кеңес Халықаралық туризм және меймандостық университетінің алқалық басқару нысандарының бірі.

Ғылыми кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің белгіленген жұмыс бағыттары бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарын, университет Жарғысын басшылыққа алады.

Ғылыми кеңестің қызметі жариялылыққа, оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылауға негізделеді.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Ғылыми кеңес хатшысы

Альмухамбетова Акмарал Женисовна

Телефон: +77773206060
E-mail: akmaral.almuhambetova@iuth.edu.kz

Ғылыми кеңестің функциялары:

  • Университет құрылымына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
  • Университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар қабылдауда ұжымының ұсыныстарын анықтау және енгізу;
  • Университеттің оқу, ғылыми бөлімдерінің қызметін құру;
  • Университеттің тұжырымдамасын анықтау, саясаты мен даму бағдарламасын бекіту;
  • оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу қызметін және шаруашылық қызметті ұйымдастырудың, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
  • Университет қызметі туралы Ректордың, вице-ректорлардың, құрылымдық бөлім басшыларының және басқа да лауазымды тұлғалардың оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпараттық, халықаралық және басқа да қызмет түрлерінің бағыттары мен жүргізу әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау;
  • оқулықтарды, оқу құралдарын және оқу-әдістемелік әзірлемелерді қарастыру және басып шығаруға ұсыну;
  • ақылы бөлімнен білім алушыларды білім грантына оқуға ауыстыру туралы шешім қабылдау;
  • бюджеттен тыс қаражатты пайдалану тәртібін, ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсету, сондай-ақ өндірілетін өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өткізу есебінен белгіленген тәртіппен алынатын кірістерді қайта инвестициялау бағыттарын айқындау;
  • Университеттің құрметті атақтарын бекіту және беру, Университеттің естелік медальдарымен марапаттау;
  • Университет қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды үкіметтік наградалар мен құрметті атақтарға ұсыну туралы; сыйлықтар мен стипендиялар алуға ұсыну туралы, Ғылым академияларының толық мүшелері мен корреспондент-мүшелеріне, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» және т.б. конкурстарына қатысу үшін ұсынымдар туралы мәселелерді қарау;
  • білімді ағымдағы бақылау туралы, аралық аттестаттау туралы, білім алушыларға стипендия тағайындау тәртібі туралы ережелерді және басқа ережелерді бекіту;
  • оқу жұмыс жоспарын, академиялық күнтізбелерді бекіту және оларға өзгерістер енгізу;
  • Университеттің ғылыми қызметін дамыту стратегиясы мәселелерін шешу, Университет қызметінің басым ғылыми бағыттарын бекіту, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижелері туралы құрылымдық бөлімдердің басшыларын тыңдау;
  • оқу процесін дамыту стратегиясының мәселелерін шешу: мамандарды даярлаудың жаңа бағыттарын (білім беру бағдарламаларын), жүйелер мен технологиялар ашу; университеттің білім беру қызметін кадрлық және материалдық қамтамасыз ету; оқу бағыттары бойынша халықаралық байланыстар, білім алушылар контингентін қалыптастырудың басқа да мәселелерін шешу;
  • Университеттің білім беру қызметін кадрлық және материалдық қамтамасыз ету, оқу бағыттары бойынша халықаралық байланыстар, білім алушылар контингентін қалыптастырудың басқа да мәселелерін шешу;
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне профессор және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін қолдаухатты қарау;
  • даярлық бағытына сәйкес лицензия қосымшасын алуға ұсынылған ақпараттарды қарастыру;
  • алқалық шешімді талап ететін Университеттің ағымдағы қызметінің өзге де мәселелерін қарау.
  •  

Ғылыми атақтарды ізденушілер:

Нахипбекова Сымбат Абдраимқызы (13.10.2023)

Адилова Култай Агытаевна (20.11.2023)

Абдрахманов Рустам Бахтиерулы (29.04.2024)

Құрманбаев Болат Ізтілеуұлы (01.08.2024)

Ғылыми кеңестің құрамы

Ғылыми кеңес құрамы Университет Ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Университеттің Ғылыми кеңесінің құрамына Ректор, вице-ректорлар, құрылымдық бөлімдердің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіре алады.

Университеттің Ғылыми кеңесінің төрағасы Ректор болып табылады. Төраға төрағаның орынбасарын тағайындайды. Төраға болмаған жағдайда төрағаның орынбасары оның міндеттерін атқарады.

Университеттің Ғылыми кеңесінің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Қажеттілігіне қарай университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Ғылыми кеңес мәжілісі айына бір рет өткізіледі.

 

Бізбен байланыс