Ғылыми зерттеу орталығы

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Ғылыми зерттеу орталығы – университетте жүргізілетін іргелі, қолданбалы және инновациялық негіздегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестіруді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу бағытындағы мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыруды басқарады. Ғылыми зерттеу орталығының жұмысы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің стратегиялық даму жоспары негізінде айқындалады.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ

ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру:

ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда Ғылыми зерттеу орталығы жұмысының негізгі мақсаты ғылыми-инновациялық әдістерді қолдана отырып, ғылыми зерттеу жұмыстары сапасының ұдайы өсуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ ғылым мен білімнің байланысын және профессор – оқытушылар құрамы (бұдан әрі-ПОҚ) мен білім алушылар жүргізетін ғылыми-зерттеулердің тәжірибелік маңыздылығын нығайту болып табылады.

ОРТАЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

  • ЖОО жоспарының негізгі бағыттары бойынша мектептері және университеттің басқа да құрылымдық бөлімдерінің іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда Университет алдында тұрған міндеттердің тиімді орындалуын қамтамсыз ету мақсатында ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарды әзірлеу, талдау және ақпараттарды таратуды ұйымдастыру;
  • Университеттің негізгі ғылыми-зерттеу бағыттарын, мектептердің және басқа құрылымдық бөлімшелердің, сонымен қатар сыртқы ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, университеттің ғылыми зерттеу жұмысының жылдық жоспарын жасау. Сондай-ақ, ЖОО ғылыми жұмысы туралы қорытынды есеп беру;
  • Университет метептерімен бірлесе отырып ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, кеңестер және өзге де ғылыми іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Халықаралық және республикалық ғылыми байланыстарды жүзеге асыру;
  • Университет қызметкерлері мен ОПҚ бағыты бойынша ҚРҒЖБСҚК мақұлдаған журналдарда мақала жариялау сапасын арттыруды ұйымдастыру және бақылау;
  • Университет қызметкерлері мен ОПҚ бағыты бойынша халықаралық рецензияланатын мақала жариялау сапасын арттыруды ұйымдастыру және бақылау;
  • Университет қызметкерлері мен ОПҚ-ның Ғылым және жоғарғы білім министрлігі қаржыландыратын гранттық жобаға жоба әзірлеп, байқауға қатысуын ұйымдастыру және бақылау;
  • Университет қызметкерлері мен ОПҚ-ның Туризм және спорт министрлігі қаржыландыратын (мақсатты) гранттық жобаға жоба әзірлеп, байқауға қатысуын ұйымдастыру және бақылау;
  • Түрлі байқаулар, олимпиадалар, ғылыми конференцияларға магистранттар мен студенттердің қатысуын ұйымдастыру және бақылау.

ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Орталық басшысы, доктор PhD, доцент

Абдрасилов Турганбай Курманбаевич

Ректорат, кабинет № 302

t.abdrasilov@iuth.edu.kz

Ғылыми қызметкер, доктор PhD

Мейрбеков Ақылбек Қайратбекұлы

Ректорат, кабинет № 302

a.meiirbekov@iuth.edu.kz

Ғылыми қызметкер, доктор PhD, доцент м.а.

Музаффер Гурсой

Ректорат, кабинет № 102

g.muzaffer@iuth.edu.kz

Ғылыми қызметкер, доктор PhD, доцент м.а.

Сиздиков Багдаулет Сапарбаевич

Ректорат, кабинет № 102

b.sizdikov@iuth.edu.kz

Ғылыми қызметкер, э.к.ғ.

Альмухамбетова Ботагоз Женисовна

Ректорат, кабинет № 302

botagoz.almukhambetova@iuth.edu.kz

Ғылыми қызметкер, доктор PhD

Баймаганбетов Сабит Туленбаевич

Ректорат, кабинет № 302

sabit.baymaganbetov@iuth.edu.kz

Бас маман

Аширбек Гульмира Булатовна

Ректорат, кабинет № 102

g.ashirbek@iuth.edu.kz

Редактор

Әбдіханова Жадыра Аманбайқызы

Ректорат, кабинет № 302

journal@iuth.edu.kz