Академиялық саясат

Құрметті Университет студенттері мен қызметкерлері! 2021 жылдың 25 қаңтарынан бастап 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрі басталады. Осыған байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде сабақтарды өткізуге қатысты Университеттің Академиялық саясатының 25-тармағымен қосымша танысуларыңызды сұраймыз.

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде сабақтар өткізу «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына негізделген.

Көпшілік іс-шараларды өткізбеу және адамдардың жиналу ықтималдығын болдырмау, сабақтар аяқталғаннан кейін аудиториялардың уақтылы босатылуын бақылауды қамтамасыз ету.

Денсаулық жағдайы мен жасына байланысты қауіп тобына жататын қызметкерлердің денсаулығына байланысты факторларды ескеру.

65 жастан асқан адамдар және ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар дәстүрлі форматта сабақ өткізген жағдайда, кесте жасау кезінде Университет аумағында қызметкерлердің осы санатының қозғалысын шектеу.

COVID-19, өкпе пневмониясы немесе басқа да вирустық аурулар белгілері болған жағдайда өтініштері негізінде студенттерді қашықтықтан оқыту форматында оқыту; бұл өтініштерді университеттің Оқу процесінің сапасын бақылау бөлімінің отырысында қарау.

Оқу корпустарында және жатақханада «Университет білім алушылары мен қызметкерлерінің санитарлық-эпидемологиялық режимін қамтамасыз ету ережелерін» қатаң сақтау.

Бетпердесіз келген студенттерді аудиторияға жібермеу.

Офис-тіркеушілер оқу күні ішінде аудиторияларда білім алушылар мен ОПҚ маскаларының болуына тексеру жүргізсін. Бетперде режимін бұзған жағдайда Университет деканатына тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолдану үшін дереу хабарлау қажет.

Топ кураторлары, деканат аптасына кемінде бір рет СЭР бойынша білім алушылар мен ОПҚ арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізсін. Жоғарыда көрсетілген жұмыс бойынша есептерді Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорға жіберу.

Көктемгі семестрге дейін білім алушыларды жатақханаларға орналастыру бойынша 50% бөлме толтырумен жұмыс жүргізу.

2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде 1 курс студенттері үшін оқытудың барлық бағыттары бойынша аралас оқыту форматында (дәрістер мен семинарлар – онлайн, санитарлық режим мен 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы зертханалық және практикалық сабақтар) оқу үдерісін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Аралас, қашықтықтан және дәстүрлі оқыту форматтарында (сабақ кестесі, лектерді анықтау, контентті қамтамасыз ету, кәсіби практикаларды ұйымдастыру) оқу үдерісін іске асыру үшін көктемгі семестрдің басталуына дайындықты жүргізу.

Шетелдік студенттерді, сондай-ақ дайындық курстарында оқитындарды қашықтықтан оқыту форматында оқытуды жалғастыру.

Шетелдік академиялық ұтқырлық пен тағылымдаманы шектеу. Қажет болған жағдайда, виртуалды академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру.

Сабақтарды жылжымалы кестеге сәйкес өткізу:

 
Сабақтарды өткізу уақыты
 І-ші лекІІ-ші лекІІІ-ші лекІV-ші лек
1-ші сабақ8.15-9.058.30-9.208.45-9.359.00-9.50
2-ші сабақ9.25-10.159.40-10.309.55-10.4510.10-11.00
3-ші сабақ10.35-11.2510.50-11.4011.05-11.5511.20-12.10
4-ші сабақ11.45-12.3512.00-12.5012.15-13.0512.30-13.20
5-ші сабақ12.55-13.4513.10-14.0013.25-14.1513.40-14.30
6-шы сабақ14.05-14.5514.20-15.1014.35-15.2514.50-15.40
7-ші сабақ15.15-16.0515.30-16.2015.45-16.3516.00-16.50
8-ші сабақ16.25-17.1516.40-17.3016.55-17.4517.10-18.00
9-шы сабақ17.35-18.2517.50-18.4018.05-18.5518.20-19.10

Ескерту: сабақтар арасындағы үзіліс аудиторияларды міндетті түрде желдету үшін 20 минутты құрайды.