Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

БӨЛІМНІҢ МАҚСАТЫ

  • Университеттің халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау жөніндегі саясатын іске асыру;
  • Университеттің әлемнің жетекші университеттерінің рейтингтеріне енуі және халықаралық танымалдылыққа ие болуы мақсатында халықаралық аккредиттеуден өтуге қолдау көрсету.

БӨЛІМНІҢ БАҒЫТЫ

  • халықаралық байланыстарды орнату және кеңейту мәселелері бойынша шетелдік ұйымдармен, елшіліктермен, жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен өзара іс-қимыл жасау;
  • білім алушыларға дәріс оқуға және практикалық сабақтар өткізуге шетелдік ғалымдарды шақыруын ұйымдастыру;
  • білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру;
  • Университет оқытушыларының шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардағы тағылымдамасын ұйымдастыру;
  • шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен бірлесіп білім беру және ғылыми жобаларды орындау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  • шетелдік білім алушылармен жұмыс жасау;
  • шетелдік жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттар мен меморандумдар жасасу.

БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

  • Университет мүддесі үшін халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жұмыстар мен іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
  • халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау;
  • туризм, қонақжайлылық және спорт саласындағы білім берудегі озық нысандарды, әдістерді, құралдар мен технологияларды меңгеруді қамтамасыз ететін түрлі халықаралық конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға, шетелдік тағылымдамаларға қызметкерлердің қатысуын ұйымдастыру арқылы Университеттің ғылыми-педагогикалық және әкімшілік персоналының кәсіби деңгейін арттыру;
  • қос дипломды білім беруді дамыту және шетелдік мамандарды тарту;
  • халықаралық ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес келісімшарт негізінде шетелдік студенттерді қабылдау;
  • студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту.

БӨЛІМНІҢ ҚҰРАМЫ

Бөлім басшысы

Тоғызбаев Дәулет Әзілханұлы

Оқу корпусы, № 206 кабинет

daulet.togizbayev@iuth.edu.kz

Бас маман

Дильмуратқызы Әсел

Оқу корпусы, № 209 кабинет

a.dilmuratkyzy@iuth.edu.kz

Бас маман

Қайып Еңлік Серікқызы

Оқу корпусы, № 209 кабинет

e.kaiyp@iuth.edu.kz

Маман

Баетов Ерназар Көпжасарұлы

Оқу корпусы, № 209 кабинет

ernazar.baetov@iuth.edu.kz