ЖҒК қызметі туралы

2024 жылғы, наурыз айының 5 жұлдызында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 1 курс студенттеріне арналған «Ғылыми мақаланы жазу құрылымы мен ережесі» тақырыбында онлайн форматта Zoom платформасында ғылыми семинар өткізілді. Семинар спикері ретінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Туризм» кафедрасының аға оқытушысы Шарапаева Бота Жанабекқызы студенттермен ғылыми мақала жазудағы маңызды ережелермен және мақаланы жазу құрылымымен бөлісті. Сондай-ақ, студенттер мақала жазу, мақалаларды ғылыми журналдарға жариялау ережелері және т.б. маңызды тақырыптар бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, тың ақпараттармен танысты.