Әскери кафедра

Халықаралық туризм және меймандостық университеті КеАҚ Әскери  кафедрасы екі маман бойынша дайындық жүргізеді:

  1. Әскери есептік мамандығы – «Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру». Офицерлер құрамы, оку мерзімі 2 жыл
  2. Әскери есептік мамандығы – «Атқыштық (бөлімше көмандирі)». Сержанттар құрамы, оку мерзімі 1 жыл.

Әскери кафедра “Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің м.а. 2023 жылғы 31наурыздағы №265 бұйрығына сәйкес запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидалары әскери оқытылған резервті әскери даярлау тәртібін жүргізеді.

Азаматтарды запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлау Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері офицерлер мен сержанттар құрамының бастапқы лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында алатын жоғары кәсіптік білім негізінде әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады. Әскери даярлауға оқыту процесін ұйымдастыру және басқару, әскери-патриоттық тәрбие беру, оқу материалдық базамен қамтамасыз ету, кәсіби даярлау кіреді.

Әскери даярлау қосымша оқыту түрі болып табылады және теориялық және практикалық оқу курстарынан тұрады.

Запастағы Офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындыққа 588 академиялық сағат бөлінеді (теория – 360 сағат, практика- 228 сағат).

Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери дайындыққа 294 академиялық сағат бөлінеді (теория-180 сағат, практика-114 сағат).

Әскери дайындық бағдарламасын мүдделерінде білім алушыларді даярлау жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің, ҚР ҚК түрлері мен тектерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнайы мемлекеттік органдардың бастықтары бекітеді.

Әскери кафедра бастығы:

Запастағы Полковник Баимбетов Қуаныш Бағдатұлы

kuanish.baimbetov@iuth.edu.kz

тел: +7 701 081 08 88

ӘСКЕРИ КАФЕДРА ТУРАЛЫ