Жатақхана

Құрметті Халықаралық туризм және меймандостық университетінің талапкерлері мен студенттері! 

Жаңа  2022-2023 оқу жылына арналып Университет сіздер үшін жалпы сыйымдылығы 513 төсек-орынға арналған 3 (үш) жатақхана дайындады, оның ішінде:

№ 1 жатақхана (сыйымдылығы 183 төсек-орынға лайықталған)

Жатақхананың жалпы ауданы: 2 425,6 ш. м.

Орналасқан жері: Түркістан қаласы, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі, №14 А

Қабаттар саны: 4 қабат

Бөлмелер саны: Әр қабатта 1-төсек – орындық – 3 бөлме, 2-төсек -орындық – 12 бөлме, 3-төсек-орындық – 6 бөлме. (жалпы сыйымдылығы 183 төсек-орынға лайықталған).

Бөлмелердегі тұрмысқа қажетті жабдықтар: матрасы бар бір орынды кереует, кереует жанындағы тумба, киімге арналған шкаф, жазу үстелі, киім ілгіш, 3 орындық

Ортақ пайдалануға арналған бөлмелердің жабдықталуы: кір жуатын бөлмелер (кір жуатын машина, киім кептіруге арналған автомат машина, үтігі бар үтіктеу тақтасы), ас үй (электр плитасы, ыдыс жууға арналған раковина, тоңазытқыш, электр шәйнектер, түскі ас үстелі, орындықтар), демалыс бөлмесі (диван, теледидар, кілем, картина), санитариялық тораптар (дәретхана, душ бөлмесі, дәретхана, жуынатын бөлме, киім шешетін бөлме), сабақтарға арналған бөлме (4 жазу үстелі және 8 орындық, магниттік-маркерлік тақта)

№1 жатақханада тұру құны: 2022 -2023 оқу жылына 110 000 (жүз он мың) теңге(коммуналдық қызметтер, күзет, жалпы пайдаланымдағы үй-жайларды жиыстыру, интернет тұру құнына қосылған).  Оның ішінде – 100 000 (жүз мың) теңге  жатақханада 10 ай тұру ақысы, 10 000 (он мың) теңге депозит-кепілдік* ретінде төленеді.

*Анықтама үшін:

Мүлік пен жалпы пайдаланудағы заттар сынған, жоғалған, бүлінген жағдайда университет залал сомасын депозит-кепілдік сомасынан шегереді. Мүлікті және жалпы пайдаланудағы заттарды жатақханадан шыққан кезде тиісті түрде және мөлшерде тапсыру кезінде депозит-кепілдік студентке толық сомада қайтарылады.

№1 жатақханада тұру мерзімі:10 күнтізбелік ай (2022 жылдың қыркүйек ай мен 2023 жылдың маусым айы аралығы)

Төлем шарттары: төлем университеттің банктік шотына төленеді. Тұрғын үй комиссиясының жатақханаға қоныстануға рұқсат беретін жазбаша шешімін алған соң, келісім- шартқа қол қойылады. Сол уақыттан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей 110 000 (жүз он мың) теңге төлеу міндеттеледі.  100 000 (жүз мың) теңге  жатақханада 10 ай тұру ақысы, 10 000 (он мың) теңге депозит-кепілдік ретінде төленеді. Қабылдау-тапсыру актісі бойынша студентке берілген мүліктің және жалпы пайдаланудағы заттардың сынуы, жоғалуы, бүлінуі жағдайларына депозит-кепілдік ретінде 10 000 (он мың) теңге өтеуі ретінде алынады.

№ 2 жатақхана (сыйымдылығы 140 төсек-орынға лайықталған)

Жатақхананың жалпы ауданы: 1 416 ш. м.

Орналасқан жері: Түркістан қаласы, Сүгір күйші көшесі, №142

Қабаттар саны: 2 қабат

Пәтер типтес бөлмелер саны: әр пәтерде жеке ванна бөлмесі мен ас үйі бар 4 орындық 35 бөлме бар.

Бөлмелердегі тұрмысқа қажетті жабдықтар: матрасы бар кереуеттер, кереует жанындағы тумба, киім шкафы, кіреберіс шкаф.

Ортақ пайдалануға арналған бөлмелердің жабдықталуы: санитариялық тораптар (кір жуғыш машина, раковина, айна, шомылуға арналған ванна), ас үй (газ плитасы бар және ас үй гарнитурасы, тоңазытқыш, түскі ас үстелі, орындықтар)

№2 жатақханада тұру құны: 2022 – 2023 оқу жылының төрт айына- 75 000 (жетпіс бес мың) теңге төлейді. (күзет, жалпы пайдаланымдағы үй-жайларды жиыстыру, интернет тұру құнына қосылған, дегенмен коммуналдық қызметтерді студенттер жеке өлшеу аспаптарының (счетчик) көрсеткіштері бойынша бөлек төлейді)

 60 000 (алпыс мың) теңге  жатақханада 4 ай тұру ақысы, 15 000 (он бес мың) теңге депозит-кепілдік* ретінде төленеді.

*Анықтама үшін:

Мүлік пен жалпы пайдаланудағы заттар сынған, жоғалған, бүлінген жағдайда университет залал сомасын депозит-кепілдік сомасынан шегереді. Мүлікті және жалпы пайдаланудағы заттарды жатақханадан шыққан кезде тиісті түрде және мөлшерде тапсыру кезінде депозит-кепілдік студентке толық сомада қайтарылады.

№2 жатақханада тұру мерзімі: 4 күнтізбелік ай (2022 жылғы қыркүйек – желтоқсан), одан әрі 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады.

Төлем шарттары: төлем университеттің банктік шотына төленеді. Тұрғын үй комиссиясының жатақханаға қоныстануға рұқсат беретін жазбаша шешімін алған соң, келісім- шартқа қол қойылады. Сол уақыттан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей 75 000 (жетпіс бес мың) теңге төлеу міндеттеледі.  60 000 (алпыс мың) теңге  жатақханада 4 ай тұру ақысы, 15 000 (он бесмың) теңге депозит-кепілдік ретінде төленеді. Қабылдау-тапсыру актісі бойынша студентке берілген мүліктің және жалпы пайдаланудағы заттардың сынуы, жоғалуы, бүлінуі жағдайларына депозит-кепілдік ретінде 15 000 (он бес мың) теңге өтеуі ретінде алынады.

№ 3 жатақхана (сыйымдылығы 190 төсек-орынға лайықталған)

Жатақхананың жалпы ауданы: 1155 ш. м.

Орналасқан жері: Түркістан қаласы, Баян батыр көшесі, №2 Б

Қабаттар саны: 2 қабат

Пәтер типтес бөлмелер саны: әр пәтерде жеке ванна бөлмесі мен ас үйі бар 4 орындық 35 бөлме бар.

Бөлмелердегі тұрмысқа қажетті жабдықтар: матрасы бар кереуеттер, кереует жанындағы тумба, киім шкафы, кіреберіс шкаф.

Бөлмелер саны: 6- төсек -орындық – 19 бөлме, 4- төсек -орындық – 19 бөлме.

Бөлмелерді жабдықтау: матрасы бар кереуеттер, кереует жанындағы тумба,  үстел, киім шкафы, орындықтар, кілем.

Ортақ пайдалануға арналған бөлмелердің жабдықталуы: кір жуатын бөлмелер (кір жуғыш машина, кептіргіштер), асхана (газ плитасы, ыдыс жууға арналған раковина, тоңазытқыш, электр шәйнектер, түскі ас үстелі, орындықтар), санитариялық тораптар (дәретхана, душ бөлмесі, киім шешетін бөлме) бар.

№3 жатақханада тұру құны: 2022 – 2023 оқу жылына 160 000 теңге (жүз алпыс мың) (коммуналдық қызметтер, күзет, жалпы пайдаланымдағы үй-жайларды жиыстыру, интернет тұру құнына қосылған)

№3 жатақханада тұру мерзімі: 10 күнтізбелік ай (2022 жылдың қыркүйек ай мен 2023 жылдың маусым айы аралығы)

Төлем шарттары: төлем университеттің банктік шотына төленеді. Тұрғын үй комиссиясының жатақханаға қоныстануға рұқсат беретін жазбаша шешімін алған соң, келісім- шартқа қол қойылады. Сол уақыттан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей 176 000 (жүз жетпіс алты мың) теңге төлеу міндеттеледі.  160 000 (жүз алпыс мың) теңге  жатақханада 10 ай тұру ақысы, 16 000 (он алты мың) теңге депозит-кепілдік ретінде төленеді. Қабылдау-тапсыру актісі бойынша студентке берілген мүліктің және жалпы пайдаланудағы заттардың сынуы, жоғалуы, бүлінуі жағдайларына депозит-кепілдік* ретінде 16 000 (он алты мың) теңге өтеуі ретінде алынады.

*Анықтама үшін:

Мүлік пен жалпы пайдаланудағы заттар сынған, жоғалған, бүлінген жағдайда университет залал сомасын депозит-кепілдік сомасынан шегереді. Мүлікті және жалпы пайдаланудағы заттарды жатақханадан шыққан кезде тиісті түрде және мөлшерде тапсыру кезінде депозит-кепілдік студентке толық сомада қайтарылады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттер үшін ақы төлеудің жеңілдік беретін шарттары:  (I, II топтағы мүгедектер, толық жетімдер, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылар; бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған, “қандас”мәртебесі бар I, II топтағы мүгедектер, екі ата-ананың да жұмыссыздығы, Ауған соғысының ардагері; бір немесе екі ата-ананың мүгедектігі):

Жатақханада тұру үшін төлем әр айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей, келесі тұрған айы үшін университеттің банктік шотына университеттің тұрғын үй комиссиясының жазбаша шешімін алған және жатақханада тұру үшін орын беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап ай сайын жүргізіледі. Бірінші төлем 2022 жылдың қыркүйек айына жатақханаға орналастырылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын жүргізіледі:

– №1 жатақханада тұрғаны үшін айына 10 000 (он мың) теңге сомасында (коммуналдық қызметтер, күзет, жалпы пайдаланудағы үй-жайларды жиыстыру, интернет тұру құнына қосылған)

– №2 жатақханада тұрғаны үшін айына 15 000 (он бес мың) теңге сомасында (күзет қызметі, жалпы пайдаланымдағы үй-жайларды жинау, интернет тұру құнына қосылған, бұл ретте коммуналдық қызметтер жеке өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша студенттермен жеке төленеді).

– №3 жатақханада тұрғаны үшін айына 16 000 (он алты мың) теңге сомасында (коммуналдық қызметтер, күзет, жалпы пайдаланудағы үй-жайларды жиыстыру, интернет тұру құнына қосылған).

Бұл ретте, 2022 жылғы қыркүйек айындағы бірінші төлеммен бірге студенттер сынған, жоғалған, бүлінген жағдайда міндетті түрде тұрғаны үшін бір айлық төлем мөлшерінде депозит-кепілдік сомасы (№1 жатақханада – 10 000 теңге, №2 жатақханада – 15 000 теңге, №3 жатақханада – 16 000 теңге) төленеді. Бұл- қабылдау-тапсыру актісі бойынша студентке берілген жалпы пайдаланудағы мүліктер мен заттар үшін алынатын ақы.

Анықтама үшін:

Мүлік пен жалпы пайдаланудағы заттар сынған, жоғалған, бүлінген жағдайда университет залал сомасын депозит-кепілдік сомасынан шегереді. Мүлікті және жалпы пайдаланудағы заттарды жатақханадан шыққан кезде тиісті түрде және мөлшерде тапсыру кезінде депозит-кепілдік студентке толық сомада қайтарылады.

Студенттің жатақханаға тұруы үшін қажетті құжаттар тізімі:

№1, 2, 3 жатақханаларда:

– №1 қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш,

– студенттің жеке куәлігінің көшірмесі (шетелдік білім алушылар үшін – шетелдік паспорт),

– 075/У нысанындағы медициналық анықтама,

– флюорография суреті (түпнұсқа).

Студенттің жатақханада тұруына өтініш беру мерзімі:

2022 жылғы 20-23 тамыз (қоса алғанда) аралығында.

Тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша жолдама алған студент пен университет арасында жатақханада тұруға құқық беретін келісім шарт жасалады. Шарттың үлгісі қоса беріледі (№2 қосымша).

Студенттер жатақханада тұру орындарын беру туралы Ереженің және жатақхананың ішкі тәртіп ережесінің талаптарын, осы Шарттың талаптарын және ҚР заңнамасының өзге де талаптарын қатаң сақтауға міндетті. Жатақханада тұру орындарын беру туралы ереже және “Халықаралық туризм және меймандостық университеті” КЕ АҚ жатақханасының ішкі тәртіп қағидалары қоса беріледі (№3 қосымша).

Студенттерден жатақханада тұруға келіп түскен барлық өтініштерді саралау бойынша Университеттің Тұрғын үй комиссиясының отырысы 2022 жылғы 24-25 тамызда өтеді.

 

Университеттің Тұрғын үй комиссиясы туралы ереже қоса беріледі (№4 қосымша).

“Халықаралық туризм және меймандостық университеті” КЕ АҚ Тұрғын үй комиссиясының шешімі университеттің ресми сайтында – 2022 жылғы 26 тамызда жарияланады.

Жатақханада тұрғаны үшін ақы төлеу мынадай деректемелер бойынша жүргізіледі:

ТТК-872 тұру бойынша қызметтер үшін төлемдер

Мақсаты: студенттің аты-жөні, курсы, тобы

“Халықаралық туризм және меймандостық  университеті”коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі, №14 А

БСН 190440033845, КБЕ 18, КНП 861

Р / С KZ 2960 1000 1000 026 251

“Қазақстан Халық Банкі”АҚ

БСК HSBKKZKX