Ғылыми кеңес

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Ғылыми кеңесі университеттің алқалық басқару нысандарының бірі болып табылады.

Ғылыми кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің белгіленген жұмыс бағыттары бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарын, университет Жарғысын басшылыққа алады.

Ғылыми кеңестің қызметі жариялылыққа, оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылауға негізделеді.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Ғылыми кеңесінің хатшысы

Сыздыкова Гауһар Жұмағұлқызы

Телефон: 87023310894
Email: g.syzdykova@iuth.edu.kz

Ғылыми кеңестің функциялары:

  • университет құрылымына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
  • Университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар қабылдауда университет ұжымының отырыстарынан ұсыныстарды анықтау және енгізу ;
  • университеттің оқу, ғылыми бөлімшелерінің (бөлімдердің, зертханалардың, кафедралардың, факультеттердің және т. б.) қызметін құру;
  • университеттің тұжырымдамасын анықтау, саясаты мен даму мақсаттарын бекіту;
  • оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу қызметін және шаруашылық қызметті ұйымдастырудың, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
  • университет қызметі туралы ректордың, вице-ректорлардың, құрылымдық бөлім басшыларының және басқа да лауазымды тұлғалардың оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпараттық, халықаралық және басқа да қызмет түрлерінің бағыттары, формалары мен жүргізу әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау;
  • оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарының әзірленуін қарау және басып шығаруға ұсыным беру;
  • ақылы бөлімнен студенттерді білім грантына оқуға ауыстыру туралы шешім қабылдау;
  • бюджеттен тыс қаражатты пайдалану тәртібін, ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсету, сондай-ақ өндірілетін өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өткізу есебінен белгіленген тәртіппен алынатын кірістерді қайта инвестициялау бағыттарын айқындау;
  • университеттің құрметті атақтарын бекіту және беру, университеттің естелік медальдарымен марапаттау;
  • университет қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды үкіметтік наградалар мен құрметті атақтарға ұсыну туралы; сыйлықтар мен стипендиялар алуға ұсыну туралы, Ғылым академияларының толық мүшелері мен корреспондент-мүшелеріне, «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» және т. б. сайлау конкурстарына қатысу үшін ұсынымдар туралы мәселелерді қарау;
  • білімді ағымдағы бақылау туралы, аралық аттестаттау туралы, студенттерге стипендия тағайындау тәртібі туралы ережелерді және басқа ережелерді бекіту;
  • оқу жұмыс жоспарын, академиялық күнтізбелерді, оқу процесінің кестесін (оқу сабақтарының, практиканың мерзімдерін) бекіту және оларға өзгерістер енгізу;
  • университеттің ғылыми қызметін дамыту стратегиясы мәселелерін шешу; университет қызметінің басым ғылыми бағыттарын бекіту, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижелері туралы университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын тыңдау;
  • оқу процесін дамыту стратегиясы мәселелерін шешу: мамандарды даярлаудың жаңа бағыттарын (білім беру бағдарламаларын), жүйелері мен технологияларын ашу;
  • университеттің білім беру қызметін кадрлық және материалдық қамтамасыз ету; оқу бағыттары бойынша халықаралық байланыстар, білім алушылар контингентін қалыптастырудың басқа да мәселелерін шешу;
  • бакалаврларды, жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын бағыттардың (білім беру бағдарламаларының) номенклатурасын қабылдаудың бақылау цифрлары бойынша қолда бар лицензияға сәйкес ұсыныстарды қарау;
  • ҚР БҒМ тапсырмасы бойынша ҒЗЖ тақырыптық жоспарларын қалыптастыру тәртібі туралы ережені бекіту, ҒЗЖ орындау және нәтижелері туралы есептілікті жүргізу;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігіне түрлі бағыттар бойынша профессор және доцент ғылыми атақтарын беру туралы қолдаухатты қарау;
  • лицензиялауға ұсынылған негізгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша даярлықты ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру;
  • алқалық шешімді талап ететін университеттің ағымдағы қызметінің өзге де мәселелерін қарау.

Ғылыми атақтарды ізденушілер:

Жорабековой Айнур Назимбековна

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығымен бекітілген ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 380 бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университетінің Ғылыми кеңесі анықтама мен ғылыми еңбектерінің тізімін орналастырады. “Спорт және жалпы білім беру пәндері” кафедрасының қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD) Жорабекова Айнұр Назымбекқызы 13.00.00 – Педагогика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағын беру үшін.

(09.11.2020) Справка на соискание ученого звания Айнур Жорабекова
(09.11.2020) Список научных трудов Айнур Жорабекова

Ғылыми кеңестің құрамы

Университеттің Ғылыми кеңесі университет ректорының бұйрығымен құрылады.

Университеттің Ғылыми кеңесінің құрамына ректор, вице-ректорлар, құрылымдық бөлімдердің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, университеттің студенттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіре алады.

Университеттің Ғылыми кеңесінің төрағасы ректор болып табылады. Төраға төрағаның орынбасарын тағайындайды. Төраға болмаған жағдайда төрағаның орынбасары оның міндеттерін атқарады.

Университеттің Ғылыми кеңесінің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Қажеттілігіне қарай университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін. Университеттің Ғылыми кеңесінің құрамы университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Ғылыми кеңестің отырысы айына бір рет өткізіледі.

Бізбен байланыс