Студенческая жизнь

Студенттік парламент

Студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі принциптері – ашықтық, қолжетімділік, өзін-өзі басқару және өзін-өзі дамыту.

Студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі міндеттері:

  • Студенттердің дамып, тұлғалық өсуіне жағдай жасауға, көшбасшылық және басқарушылық дағдыларды, ынтымақ пен бірлік рухын, белсенді азаматтық пен жауапкершілікті қалыптастыруға және дамытуға көмектесу;
  • Студенттердің проблемалық мәселелері бойынша кездесулер өткізу;
  • Құқық қорғау органдарының, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының, наркологиялық орталықтардың өкілдерімен кездесулерін өткізу;
  • Шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, көрнекті қоғам қайраткерлерімен кездесулер өткізу және ұйымдастыру;
  • Қазақстанның киелі және өлкенің тарихи көрікті жерлеріне студенттік географиялық экскурсиялар мен турларды ұйымдастыру және өткізу;
  • Түрлі іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Студенттердің кәсіби дамуына арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Демалысты ұйымдастыру және салауатты өмір салтын сақтауға байланысты мәселелерді шешуде университет басшылығына көмек көрсету;

1.

Қадыр Бақдаулет

Студенттік Парламент Төрағасы

 

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының бірі. Студенттік Парламент төрағасы жастар саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруға көмектесіп қана қоймай, жоғары оқу орнының дамуына да септігін тигізеді. Университетте жобаларды жүзеге асыруға қатысады, әлеуметтік-мәдени даму бөлімімен өзара іс-қимыл жасайды, оқу орнының рейтингін көтеруге жаңа жобаларды тартуға көмектеседі.

2.

Сатыбалды Сабина

 

Студенттік Парламент төраға орынбасары

Комитеттерге төрағалық етіп, парламенттің қағидаларын және тәртібінің сақталуын бақылайды

3.

Саденов Алдияр

Ғылым және жоғары білім басқармасының студенттік төрағасы

Студенттер арасындағы мәселлерді шешуге және студенттер арасында тәртіпті нығайтуға қатысады, Студенттердің оқу процессінің дамуына және туындаған академиялық мәселелерді шешуге ықпал жасайды.

4.

Сұлтанов Абдулла

Әлеуметтік-мәдени даму басқармасының студенттік төрағасы

Іс-шаралардың жалпы тәртібі мен ұйымдастырылуына жауапты. Университеттің басқару органдарына, студенттік өзін-өзі басқару органдарына, студенттердің бос уақытын және тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізуде көмек көрсетеді.

5.

Исакұлы Ғалымжан

Студенттік Парламент төрағасының кеңесшісі

Қоғамдық пікірдің қалыптасуына, сонымен қатар университеттің танылуына ықпал етеді. Мақсаты: мектептер мен студенттер арасында тікелей ақпараттандыру және насихаттау. Университет туралы оң ақпараттық фон құруға ықпал етеді.

 

6.

Боранбай Жанерке

Спорт мектебінің Студенттік директоры

Спорт мектебінің ішіндегі үдерістерді (студенттер кеңесі) басқарады, прфессорлық оқытушы құраммен және университет бөлімдерімен тығыз қарым-қатынас орнатады.