Қабылдау комиссиясы

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МАҚСАТЫ

Қабылдау комиссиясының негізгі мақсаты білім алушылар контингентін қалыптастыру, мектептер мен колледж түлектерін университеттің білім беру бағдарламаларына кәсіби бағдарлау процестерін ұйымдастыру және үйлестіру, білім беру қызметтері нарығының қажеттіліктерін зерделеу, білім беру бағдарламаларын ілгерілету және оқытудың барлық бағыттары бойынша барлық білім беру бағдарламаларына қабылдауды қамтамасыз ету негізінде оның білім беру қызметін ілгерілету болып табылады.

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

  • университеттің білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы;
  • азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген білім алу құқықтарының сақталуын, қабылдаудың барлық рәсімдерін өткізуде жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету;
  • мектеп және колледж оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • мектеп және колледж оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • Қазақстан мектептерімен атаулы жұмыс және адами капиталды дамыту бөлімдерімен байланыс орнату;
  • ХТжМУ-ға университеттің қызметі, білім беру бағдарламалары және оқытудың артықшылықтары туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу;
  • Университетте оқуға мүмкіндігінше көп мақсатты аудиторияны тарту;

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ

  • университеттің кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
  • жыл сайынғы халықаралық және республикалық білім беру көрмелеріне қатысу, сапалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, талапкерлер мен ата-аналарға университетке түсу үшін толық және тұтас ақпарат беру, сондай-ақ өзге де кәсіптік бағдарлау іс-шараларына қатысу;
  • Университеттің әлеуетті талапкерлерінің бірыңғай дерекқорын құру және жаңарту бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
  • болашақ талапкерлермен ақпараттық және оқу-әдістемелік жұмыс жүргізу;
  • өтініш беру кезінде талапкерлер толтыратын құжаттардың үлгілерін әзірлеу және бекіту;
  • деректер базасымен жұмыс істеу бойынша техникалық хатшыларды даярлауды ұйымдастыру және өткізу;
  • ағымдағы оқу жылына қабылдаудың материалдық-техникалық жарақтандырылуын дайындау;
  • студенттердің бірінші курсына қабылданған қажетті құжаттарды негізгі құрылымдық бөлімдерге беру;
  • конкурс бойынша өткен талапкерлердің жеке істерін дайындауды және мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету;
  • кезекті қабылдау науқанына талдау жүргізу, қабылдау комиссиясы мен қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс туралы есепті қалыптастыру және талапкерлерді тарту жөніндегі жұмысты жетілдіру, келесі оқу жылына қабылдаудың сапалық көрсеткіштерін арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
  • ақылы негізде оқуға түсетін азаматтармен білім беру саласында ақылы білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттарды ресімдеу және оларға қажетті өзгерістер енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

Университетке оқуға түсу сұрақтары бойынша талапкерлерге кеңес беру.

Қабылдау комиссиясы Университеттің қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.

Қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру үшін «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына сәйкес университет ректоры қабылдау комиссиясының құрамын бекітеді, оған мыналар кіреді: Ректор (Төраға), Академиялық және ғылыми істер жөніндегі вице-ректор (Төрағаның орынбасары), Қабылдау комиссиясының басшысы (Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы), комиссия мүшелері, техникалық хатшылар және техникалық персонал.

Қабылдау комиссиясының қызметкері қабылдау комиссиясының құрамы, техникалық хатшылар және техникалық персонал туралы ұсыныс дайындайды. Бұйрыққа Ректор қол қояды.

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ:

  • талапкерлерге арналған ақпараттық стендтерді қазақ және орыс тілдерінде ресімдеу (қабылдаудың үлгілік қағидалары, мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, ауылдық квота белгіленген бакалавриат мамандықтарының тізбесі, білім беру мекемесіне түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі);
  • ақпараттық стендте білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияның, әрбір мамандық бойынша мемлекеттік аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелерін ұсыну;
  • құжаттарды қабылдау кезеңінде талапкерлерді әр білім беру бағдарламалары бойынша берілген өтініштердің статистикасы туралы күнделікті хабардар ету;
  • әрбір өтініш берушіден құжаттарды қабылдау, журналға тіркеу, ол ұсынған барлық құжаттар сақталатын жеке істі тіркеу, өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру;
  • үлгілік қағидаларда белгіленген мерзімде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру.

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

Бөлім басшысы

Алайдаров Ақ-Әділ Әбушахмаұлы

Ректорат ғимараты, № 112 кабинет

8(72533)58724

akadil.alaidarov@iuth.edu.kz

Бас маман

Сұлтанхан Жангелді Пернебекұлы

Ректорат ғимараты, № 112 кабинет

8(72533)58724

zhangeldi.sultankhan@iuth.edu.kz

Бас маман

Алшериев Ержан Мунайтпасович

Ректорат ғимараты, № 112 кабинет

8(72533)58724

erzhan.alsheriev@iuth.edu.kz@iuth.edu.kz

Бас маман

Мұңайтбас Мұқан Айдосұлы

Ректорат ғимараты, № 112 кабинет

8(72533)58724

mukhan.munaytbas@iuth.edu.kz@iuth.edu.kz