Сессия бойынша нұсқаулық

Аралық аттестаттау (сессия) бойынша білім алушыларға арналған АНЫҚТАМАЛЫҚ-НҰСҚАУЛЫҚ

Білім алушылар емтиханға мына жағдайда жіберіледі:

  • ағымдық бақылау қорытындысы (ЖР) 50 балдан кем болмаған жағдайда;
  • төлемақысы бойынша берешегі жоқ жағдайда;

Дәстүрлі бағалау шкаласы мен ECTS-ке ауыса отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

 

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

C

2,0

65-69

 

Қанағаттанарлық

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

FХ

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

  • Оқудың барлық мерзімі бойынша курстан курсқа ауыстыру кезіндегі GPA балы

курстан

курсқа

GPA ауысу балы

1

2

1,8

2

3

2,2

  • GPA есептеу мысалы:

Модуль

Кредит саны

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

Қазақ тілі

3

А

4.00

Психология

2

В

3.00

Шет тілі

3

F

0

Қазақ тілі        4.00 х 3 = 12.00

Психология    3.00 х 2 = 6.00

Шетел тілі      0    х 3 = 0

Қорытынды көлем    = 12 + 6 + 0 = 18.00

Кредиттердің жалпы саны = 3+2+3 = 8

GPA =              Қорытынды көлем                = 18.00 = 2,25

                    Кредиттердің жалпы саны           8

  • «Platonus» ААЖ-де ағымдағы бақылаудың балдарын есептеу кезінде сабақ түрлерінің (лекция, практикалық сабақ, өзіндік жұмыс) пайыздық үлесі.

«Platonus» ААЖ-де білім алушыларды ағымдағы бақылаудың балдарын есептеу кезінде сабақ түрлері бойынша салмақтық үлесінің 20 пайызын лекция, 60 пайызын практикалық сабақтар, 20 пайызын білім алушының өзіндік жұмысының бағалары құрайды. Практикалық пәндердің (АКТ, тілдік пәндер, дене шынықтыру пәндері) 60 пайызын практикалық сабақтар, 40 пайызын білім алушының өзіндік жұмысының бағалары құрайды.

  • «Platonus» ААЖ-де аралық аттестаттаудың қорытынды бағасының құрылымы.

Pорт=(P1+P2)/2

Pорт – орташа рейтинг(жіберу рейтингісі); мұнда:

  • Р1 – бірінші аралық бақылау қорытындысы;
  • Р2 – екінші аралық бақылау қорытындысы;

ҚБ=Pорт*0,6+ЕБ*0,4; мұнда:

  • ҚБ – қорытынды баға;
  • ЕБ – емтихан бағасының балы;
  • Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға Аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) қорытындысы бойынша “А”, “А-“, “В+”, “В”, “В-“, С+ бағалары бар барлық емтихандарды тапсырған жағдайда мемлекеттік стипендия тағайындалады.
  • Білім алушының сессия барысындағы құқықтары мен міндеттері:
    • Білім алушы емтихан кестесі бойынша уақытынан кешікпей келуі тиіс;
    • Аудиторияға тек көк сиялы қаламсаптан басқа заттар алып кіруге тыйым салынады;
    • Емтихан тапсыру уақытында себепсіз аудиториядан шығуға тыйым салынады;
    • Ұқыпты, таза киім үлгісімен келуі тиіс (спорттық киім, қысқа шалбар, резеңке-шәркей, кешкі киім, тым қысқа, ашық киім киюге жол берілмейді);
      • Білім алушы мына жағдайда емтихан тапсырып болғаннан кейін 1 тәулік ішінде апелляциялық комиссияға өтініш  бере алады:
    • сұрақтың дұрыс тұжырымдалмағанына (тест тапсырмасы үшін);
    • сұрақтың мазмұны бойынша білім беру бағдарламасына сәйкес келмеуіне;
      • PLATONUS ААЖ-де тест тапсырып болғаннан соң, жүйенің өзінде Апелляциялық комиссияға өтініш қалдыру мүмкіндігі бар.
      • Апелляциялық комиссияға жазбаша өтініш қалдыру үшін, емтихан бағасы қойылғаннан кейін 1 тәулік ішінде :
    • мектеп әдіскеріне келіп өтініш үлгісі бойынша өз қолыңызбен өтініш жазасыз.
    • қажеттілік туындаған жағдайда, өтінішті pdf форматта мектеп поштасына жолдайсыз.
    • өтініш 2 тәулік жұмыс күні ішінде қаралып, жауабы білім алушыға таныстырылады.
      • Тиісті “FХ” белгісінің (25-49) цифрлық баламасына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесінде “қанағаттанарлықсыз” баға алған жағдайда:

            Білім алушы емтихан сессиясы мен каникул кезеңінде емтиханды бекітілген қайта тапсыру кестесіне сәйкес бір реттен артық емес қайта тапсырады, ол кезекті академиялық кезең басталғанға дейін өкіммен жіберіледі.

  • Білім алушының емтиханда берген жауабы мына жағдайлар орын алғанда жарамсыз деп танылып, акт толтырылады.

Емтиханда кітап, дәптер, шпаргалка, ұялы телефон, смарт сағат, басқа электрондық құрылғыларды пайдаланғаны, басқа білім алушылармен сөйлесіп отырғаны анықталған жағдайда  білім алушының жұмысы жарамсыз деп танылып, акт толтырылып, емтиханнан шығарылады.

Комиссия шешімімен акт бекітілгеннен кейін білім алушыға тізімдемеге 0 балл «F» («қанағаттанарлықсыз») бағасы қойылады.

  • Қашықтықтан Aero Proctoring арқылы Platonus жүйесінде тест тапсыру үшін міндетті түрде:
  • Ноутбук немесе дербес компьютер;
  • Компьютерде микрофон және камера;
  • Тұрақты интернет болуы керек;
  • Бейне нұсқаулықпен танысыңыз;
  • ОНЛАЙН ЕМТИХАН (АУЫЗША, ЖАЗБАША-АУЫЗША, КЕЙС, ЭССЕ) ТАПСЫРУ ҮШІН:
    • Тұрақты интернет қажет;
    • Ноутбук немесе дербес компьютер немесе ұялы телефон қажет;
    • Емтихан қабылдаушы оқытушы-профессор алдын-ала Microsoft Teams қосымшасынан сілтеме тастауы қажет; (емтихан кестесіне сәйкес уақытта ғана қосылады)
  • ОНЛАЙН ТЕСТ ТАПСЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰРЫЛҒЫЛАР:
    • Ноутбукнемесе дербес компьютер (әрі қарай құрылғы);
    • Google Chromeбраузерінің соңғы нұсқасы;
    • Web камеражәне микрофон;
    • Тұрақты интернет және интернет жылдамдығы 3-мб/секжоғары болуы керек, (интернет жылдамдығын net сайты арқылы білуге болады);
    • Құрылғыда  уақытжәне уақыт белдеуі дұрыс көрсету керек;

 

  • БІЛІМ АЛУШЫ МЫНА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ОНЛАЙН ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТЕ АЛМАЙДЫ:
    • Смартфонмен;
    • Планшетпен;
    • Mac OS, Windows XP және Windows 7операциялық жүйесі орнатылған құрылғылармен;
    • Google Chrome ескі нұсқасымен;
    • Mozilla Firefox, Safari, Tor және т.б браузерлермен;

Құжаттар тізімі

Офис тіркеуші қызметкерлері

Тіркеуші офисінің бөлім басшысы

Тұрғанбек Мөлдір Жорабекқызы

Ректорат, № 104/1 кабинет

moldir.turganbek@iuth.edu.kz

Бас маман

Бурханбаева Анжир Кайнарбековна

Ректорат, № 104/1 кабинет

+77762082303

+77762082303

anjir.burhanbaeva@iuth.edu.kz

Бас маман

Мырзаханов Жомарт Қалдарханович

Ректорат, № 104/1 кабинет

+77475441334

+77475441334

zh.myrzakhanov@iuth.edu.kz

Бас маман

Дауирбаева Нургуль Толегеновна

Ректорат, № 104/1 кабинет

+77716684678

+77716684678

n.dauirbaeva@iuth.edu.kz

Бас маман

Сырбаева Гүлшат Еламанқызы

Ректорат, № 104/1 кабинет

+77053566695

+77053566695

gulshat.syrbayeva@iuth.edu.kz

Цифрландыру бөлімінің қызметкерлері

Бөлім басшысы

Баймаганбетов Ержан Бахытұлы

Корпус Ректорат, кабинет № 01

+77013682112

+77013682112

erjan@iuth.edu.kz

Бас маман

Куанышбаев Нурбек Батырханұлы

Корпус Учебный, кабинет № 217

+77011815578

+77011815578

kuanyshbekov.n@iuth.edu.kz

Бас маман

Назымхан Бек-Арыстан Абзалұлы

Корпус Ректорат, кабинет № 01

+77716330396

+77716330396

b.nazymkhan@iuth.edu.kz

Маман

Серікбай Берік Арманұлы

Корпус Ректорат, кабинет № 01

+7 747 045 7548

+7 747 045 7548

berik.serikbay@iuth.edu.kz

Маман

Жұмахан Рамазан Абылайұлы

Корпус Ректорат, кабинет № 01

+7 777 886 3360

+7 777 886 3360

ramazan.zhumakhan@iuth.edu.kz