Құзыреттілік, мансап және жұмысқа орналастыру бөлімі

БӨЛІМНІҢ МАҚСАТЫ

Бөлімнің негізгі мақсаты тәжірибеге бағдарланған білім беру процесін, білім алушыларды дуальды оқыту жүйесінің элементтерін қолдана отырып оқу процесін іске асыру шеңберінде білім алушылардың кәсіптік практикадан сапалы өтуіне бағытталған, білім алушылардың жұмысқа орналасу дағдыларын арттыру, оларды оқытудың маңыздылығын арттыру және олардың жұмысқа ауысуын жеңілдету, университет түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін жұмыспен интеграцияланған қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

БӨЛІМНІҢ БАҒЫТЫ

Бөлімнің қызметі 4 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізу; дуальды оқыту жүйесінің элементтерін қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру; Университет түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

  1. Білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізу бағытындағы бөлімнің негізгі міндеттері:
  • негізгі отандық және шетелдік жұмыс берушілермен байланыс орнату, олармен кәсіптік практика жүргізу үшін шарттар жасасуды қадағалау;
  • кәсіптік практикалардың өткізілуін қадағалау;
  • кәсіптік практика жүргізу саласындағы нормативтік құжаттар қорын қалыптастыру және жүргізу, осы құжаттармен барлық мүдделі тараптарды қамтамасыз ету;
  1. Білім алушыларға дуальды оқыту жүйесінің элементтерін қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру бағытындағы бөлімнің негізгі міндеттері:
  • білім алушыларға практикалық оқу орындарын ұсына алатын ұйымдармен байланыс орнату және анықтау;
  • дуальді оқыту бағдарламасының әзірленуін қадағалау;
  • дуальды оқыту бағдарламасына қатысатын ұйымдардың әрқайсысымен шарттар ресімдеу;
  • дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыруды үйлестіру және бақылау.
  1. Университет түлектерін жұмысқа орналастыру бағытындағы бөлімнің негізгі міндеттері:
  • ұйымдармен, мекемелермен және кәсіпорындармен тікелей және тұрақты байланыс орнату, олардан Университет түлектері үшін қолда бар және болашақта күтілетін бос орындар туралы өзекті ақпарат алу;
  • түлектер мен жұмыс берушілер арасында байланыс орнатуға ықпал ету үшін жыл сайынғы Бос орындар жәрмеңкелерін ұйымдастыру;
  • түлектерге жұмыс іздеу, түйіндеме дайындау, сұхбаттасу және мансапты жоспарлау дағдыларын дамытуға бағытталған семинарлар, тренингтер мен кеңестер ұйымдастыру;
  • жұмыс беруші компанияларға университетті бітіргеннен кейін жұмысқа кіріскісі келетін университет түлектері бойынша ақпарат беру;
  • Университет түлектерінің дерекқорын басқару және жаңарту.
  1. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бағытындағы бөлімнің негізгі міндеттері:
  • Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлеріне курстар немесе оқыту бағдарламаларын ұсына алатын университеттерді, ұйымдарды немесе сарапшыларды іздеу;
  • кәсіби қызметті орындау үшін қажетті қосымша білім алу, мамандардың біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау курстарын, семинарларды, тренингтерді, курстарды ұйымдастыру және өткізу.

БӨЛІМНІҢ ҚҰРАМЫ

Бөлім басшысы

Жумжаева Гульнара Куралбековна

Ректорат, № 102 кабинет

zhumzhayeva.g@iuth.edu.kz

Бас маман

Карашбаева Клара Тилеуовна

Ректорат, № 102 кабинет

karashbaeva.k@iuth.edu.kz

Бас маман

Ниятова Асель Есенбековна

Ректорат, № 102 кабинет

a.niyatova@iuth.edu.kz

Бас маман

Жапанова Гулжамал Булдырыковна

Ректорат, № 102 кабинет

g.zhapanova@iuth.edu.kz

Маман

Арайлым Берікқызы Жақсыбек

Ректорат, № 102 кабинет

a.zhaksybek@iuth.edu.kz