Құзыреттілік, мансап және жұмысқа орналастыру бөлімі туралы

Құзыреттілік, мансап және жұмысқа орналастыру бөлімі университеттің студенттері мен түлектеріне еңбек жолын қалыптастырып, мансаптарын одан әрі дамытуға, бір-бірімен, оқу орнымен байланыста болуларына ықпал етіп, көмектеседі.

Біздің бөлім кәсіп әлемінде өз орнын қалай табу және болашақ жұмыс орнынан нені күту керектігін түсінуге көмектеседі. Ол үшін біз жұмыс берушілермен ашық кездесулер өткізіп, сұхбаттасудан сәтті өту мен тиімді түйіндеме құрастыруды үйренуге көмектесеміз.

Студенттердің оқу бағдарламаларында төмендегідей жағдайлар қарастырылған:

Студенттердің білім алу кезеңінде әртүрлі компанияларда, кәсіпорындарда тәжірибеден өту мүмкіндіктері;

Студенттер дуальді оқыту жүйесімен, кәсіпорында жұмыс орындары ұсынынылып, өтемақы төлеумен ұштастырылып, білім алу мүмкіндігіне ие. Бұл студенттерге өз қабілеттерін жетілдіруге және келешекте жақсы жұмысқа орналасу мүмкіндіктер береді;

Оқу кезінде студенттерге ең үздік туризм және қонақжайлылық саласының мамандары, спортшы, қоғам қайраткері, өз саласының жақсы мамандары шебер-сыныптар мен тренингтер өткізеді. Бұл жұмыстар олардың жеке адами қасиеттерін қалыптастырып, өз саласының жақсы маманы болуға көмектеседі.

Сізге қандай көмек береміз:

  • Кәсіби бағдарлы кеңестер – өзіңіздің мықты жақтарыңызды қалай табуға болады;
  • Түйіндеме құрастыру мен ілеспе хаттар жазу бойынша семинарлар мен тренингтер. Біз басқалардан даралайтын түйіндемені қалай құрастыру керектігін айтамыз;
  • Тәжірибеден өту бойынша ұсыныстар;
  • Дуальді оқыту жүйесімен білім алуға;
  • Жұмысқа орналасуға көмектесу;
  • Жұмыс берушілермен кездесулер.

Сондай-ақ құзыреттілік, мансап және жұмысқа орналастыру бөлімі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес қосымша білім алуды, тиісті салалардағы соңғы оқиғалардан хабардар болуды қамтамасыз ету үшін біліктілік арттыру курстарын ұйымдастырады.  Оқу процесіне үлкен ғылыми-педагогикалық және практикалық тәжірибесі бар жетекші ғалымдар мен мамандар тартылған.

Біліктілікті арттыру курстарының оқу бағдарламалары ғылымда, білім беруде, өндірісте болып жатқан инновацияларды, сондай-ақ еңбек нарығының қажеттіліктерін, кәсіби стандарттар мен салалық біліктілік шеңберінің талаптарын ескере отырып әзірленген және сол арқылы тәжірибеге бағдарланған. Оқытушылар таратылған дәріс материалдары мен қажетті құжаттама нысандарының толық пакетін ұсынады. Курстарды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ғылыми-педагогикалық және практикалық тәжірибесі жоғары жетекші ғалымдар мен мамандар жүргізеді.