ҰБТ

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

ҰБТ өткізіледі:

  • орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11(12) сыныптарының білім алушыларына еркі бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау үшін; < /li>
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе қалауы бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау үшін ағымдағы жылғы орта білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;< / li>
  • орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өткен жылдардағы түлектеріне республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе қалауы бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау үшін;< / li>
    < li>республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру түлектерінің;< / li>
  • шетелдерде оқушылардың халықаралық алмасу желісімен білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілеріне, сондай-ақ шетелдегі оқу орындарын бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе еркі бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау үшін;
  • ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша ЖОО-ға қабылданған, ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелерімен, күнтізбелік жылы ақылы негізде ЖОО-ға одан әрі қабылдау үшін ҰБТ нәтижелерінің күші жойылған адамдарды;< / li>
    < li>ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша оқитын және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.

Өткізу формасы: тестілеу.

Өткізу орны: ҰБТ өткізу пункттері