Ғылыми кеңес Халықаралық туризм және меймандостық университетінің алқалық басқару нысандарының бірі.
Ғылыми кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің белгіленген жұмыс бағыттары бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарын, университет Жарғысын басшылыққа алады.
Ғылыми кеңестің қызметі жариялылыққа, оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылауға негізделеді.
Альмухамбетова Акмарал Женисовна
Телефон: +77773206060
E-mail: akmaral.almuhambetova@iuth.edu.kz
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты кәсіби оқу бағдарламаларын табысты іске асыру мақсатында профессор-оқытушы құрамы және Университет білім алушылары үшін қажетті жағдайларды жасау, материалдық-техникалық базасын нығайту, Университеттің одан әрі дамуына ықпал ету болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Ғылыми кеңес мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері:
Ғылыми кеңестің негізгі функциялары:
Ғылыми кеңес құрамы Университет Ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Университеттің Ғылыми кеңесінің құрамына Ректор, вице-ректорлар, құрылымдық бөлімдердің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіре алады.
Университеттің Ғылыми кеңесінің төрағасы Ректор болып табылады. Төраға төрағаның орынбасарын тағайындайды. Төраға болмаған жағдайда төрағаның орынбасары оның міндеттерін атқарады.
Университеттің Ғылыми кеңесінің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Қажеттілігіне қарай университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Ғылыми кеңес мәжілісі айына бір рет өткізіледі.