Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің Туризм мектебі Болон декларациясына, кредиттік білім беру жүйесіне сәйкес В091 білім беру бағдарламалары тобы бойынша 4 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды:
Туризм мектебінде жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді, бұл осы саланың дамуына ықпал етеді. Қазіргі уақытта құрамында:
29 профессорлық-оқытушылық және көмекші персонал: 12 ғылым кандидаты және PhD докторы, оның ішінде: 2-профессор, 3 – қауымдастырылған профессор, 7-қауымдастырылған профессордың м.а., 17-туризм саласындағы ғылым магистрлері.
Студенттердің білім деңгейін арттыру мақсатында мектептің білім беру бағдарламасына мемлекеттік құрылымдардың, бизнес-ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жұмыс берушілер оқу және ғылыми процеске тартылды. Барлық оқу бағдарламалары қазіргі заманғы экономикалық және өзге де өзгерістерді, жұмыс берушілер мен бизнес өкілдерінің талаптарын, оның ішінде кәсіптік стандарт жобасының (“Атамекен”Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы әзірлеген) негізгі талаптарын ескере отырып әзірленді.
Бүгінгі таңда оқуға ұсынылған барлық пәндер тиісті оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі, пектеп оқытушылары пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлейді, өзіндік жұмыс кестесін анықтайды, өндірістік (кәсіптік) практиканы ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс істейді.
Мемлекеттік ұйымдар мен шетелдік және отандық бизнес өкілдері білім беру бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысады.
Білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың дуалды оқыту шеңберінде Қазақстан Республикасының туризм саласының компанияларында және 4-5 жұлдызды қонақ үйлерінде практикалық сабақтардан өту мүмкіндігі бар.