28 қарашада Халықаралық туризм және меймандостық университетінде II ғылыми-теориялық конференцияның ашылуы өтті

Бүгінгі таңда IUTH барлық жобалардың белсенді қатысушысы болып табылады. Университет дамуының негізгі бағытының бірі – жастар ғылымы. Ғылыми ізденіс – студент үшін өте қажетті құндылық. Себебі ғылым – кез келген университеттің нәтижелі көрсеткіші екені баршаға аян.

Осы мақсатта университет қабырғасында екінші рет өткен ғылыми конференцияны басқарма төрағасы Айдос Сәкенов ашып берді. Ол өз сөзінде ғылыми ізденіс студент үшін өте қажетті құрамдас бөлік екенін атап өтті. Сондай-ақ бұл бағытқа аса қатты көңіл бөліп, өркендеуіне қашанда себепкер болуға дайын екенін жеткізді.

«Университет қабырғасында ғылыми-теориялық конференцияның дәстүрлі түрде екінші жыл жалғасын тапқанына шын жүректен қуаныштымын. Аз ғана уақыт болса да біздің студенттер ғылыми конференцияда жақсы нәтиже көрсете алды. Мәселен былтыр Студенттік ғылыми-теориялық конференцияға 4 секция, 126 баяндама тыңдалған. Ал оның ішінде 2 студент Республикалық деңгейге өтіп, жүлделі орын алды. Мысалы Самсанова Ксеня 2-орын иеленсе, Боранбай Жанерке 3-орын алды. Әрине бұл ең жас университет үшін толағай жеңіс. Сондықтан аталған студенттерге ғылым жолындағы ізденісі үшін алғысымды білдіремін. Және биыл да нәтижелі жұмыс болатынын кәміл сенімдімін» – деді басқарма төрағасы.

Сөз соңында Айдос Сәкенов барша студенттерге шығармашылық шабыт тілеп, университет абыройын асқақтата беруді тіледі.