Әлем кубогының иегерлеріне бір жылдық тегін оқу гранты табысталды

Қазан айында Түркия Республикасы, Анталия қаласында “юнифайд” және Үндістан мемлекетінде гір көтеру спорт түрлері бойынша жарыс өтті. Аталмыш додада Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері бақтарын сынаған болатын. Нәтижесінде IUTH студенттері жеңіс тұғырынан көрініп, Әлем Кубогының жеңімпазы атанды.

Университет басшылығы жас спортшылардың абыройлы жеңісін ескеріп, жүлделі орын алған Ақымбек Ұланбек, Нұрбаев Нұрбек, Бейсембай Ерсұлтан есімді студенттерге бір жылдық тегін оқу гранты тағайындалды. Оларды университет ректоры Айдос Сәкеновтың өзі құттықтап, марапатты табыстады.

«Осындай студенттерімізді ерекше қолдап, марапаттау қашанда маңызды. Әрбір жеңіс еліміз үшін де, IUTH үшін де үлкен қуаныш пен мақтаныш. Әрқашан жеңіс тұғырынан көрініп, оқу ордамыздың абыройын әлемге таныта беріңдер!» – деді Айдос Сәкенов.

IUTH Баспасөз қызметі