Халықаралық туризм және меймандостық университетінің «Спорт» кафедрасы қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Нәтижесінде, 8 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Кафедра оқытушылары мен студенттері қайырымдылық жасауды азаматтық парыз санап, жастарға тағылымды тәрбие мен үлгі-өнеге көрсетіп, игі іс-шараның басы-қасында жүруін – адами жоғары қасиеттің ең үлкен көрінісі деп қабылдайды. Қайырымдылық жәрмеңкесіне атсалысқан барлық оқытушы-профессорлар құрамына, топ эдвайзерлеріне, студент жастарға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Адам өз өмірінде жасай алатын ең жақсы нәрсе – ізгі әрекет. Қандай екені маңызды емес, бастысы ол шын жүректен болса болғаны. Жақсылық жасау арқылы адам өзі бақытты болып, өзгелерге де бақыт сыйлайды. Бақытқа бөлеу қиын емес. Тек сенім мен ықылас болса жетіп жатыр, әрқайсымыз осы үлкен әлемге өз жақсылығымызды қоса аламыз.
Алдағы уақытта да бұл игі бастама ары қарай жалғасын табады деген үміттеміз.