Кәсіби маманмен кездесу

Бүгін студенттер Rixos Water World Aktau қонақ үйінің жетекші мамандарымен кездесті. Қонақтарға “All inclusive” жүйесі бойынша демалыс ұсынатын Қазақстандағы ең үлкен Rixos қонақ үйінің командасы тағылымдамадан өту және одан әрі жұмысқа орналасу туралы кеңінен ақпарат беріп, тәжірибе алмасты.

Қазіргі таңда ең басты талап – кәсіби түрде жұмыс істеу. Көпшілігі үшін моральдық және қаржылық талаптарға жауап беретін жұмыс орындалмайтын дүние сияқты көрінеді. Осы тұрғыда басқарма төрағасы-ректордың “Кәсіби мамандармен кездесу” жобасы пайдалы ақпаратқа толы. Өйткені студенттер шынайы, еңбекқор әрі кәсіби мамандармен жақын танысуға мүмкіндік алады.

Спикерлер мамандыққа қалай келгендері туралы айтып, студенттерге құнды кеңестер мен ұсыныстар берді. Өздерінің болашақ әріптестері, қазірдің өзінде кәсіби тұрғыдан не істей алуы керек, қонақ үй бизнесінде табысты болу үшін қандай дағдыларды қалыптастырып, оларды қалай дамыту керек сияқты студенттер үшін қызықты сұрақтарға жауап беріп, ой бөлісті.