«Дене шынықтыру және спорт» мектебі

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ» МЕКТЕБІ

Мектеп тарихы

Университетімізде алғаш рет 2020-2021 оқу жылының қыркүйек айынын бастап “Спорт және жалпы білім беру пәндері” кафедрасы құрылды. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап “Спорт және жалпы білім беру пәндері” кафедрасынан “Спорт” кафедрасы болып бөлініп шығып “Туризм және спорт” факультетінің дербес құрылымдық бөлімшесіне айналды. 2023-2024 оқу жылынан бастап құрылымдық өзгерістерге байланысты “Спорт” кафедрасы «Дене шынықтыру және спорт» мектебіне ауыстырылды.

Қазіргі таңда мектепті PhD философия доктор, қауымдастырылған профессор Омаров Бақытжан Сұлтанұлы басқарады.

«Дене шынықтыру және спорт» мектебі жоғары ғылыми-педагогикалық әлеуеті бар университеттің құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Мектепте әр түрлі спорт түрлері бойынша арнайы пәндерді оқытатын, терең білімі, сыни және креативті ойлауы бар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар жұмыс істейді. Мектептің профессорлық-оқытушылық құрамының штаты 18 адамды құрайды, оның ішінде 1 ғылым докторы, 3 PhD докторы, 5 ғылым кандидаты, 1 ҚР Құрметті спорт қызметкері, 7 аға оқытушы магистрлер мен 1 оқытушы магистр және 1 әдіскер қызмет атқарады. Сонымен қатар, олардың ішінде екі оқытушы-профессорларымыз КСРО спорт шебері, үш оқытушы-профессорларымыз ҚР жоғары оқу орынының «Үздік оқытушысы» номинациясының иегері.

Мектепте «6В01401-Дене шынықтыру және спорт», «6В01402-Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық», «6В11106-Спорттық туризм», «6В11107-Спорттық-сауықтыру фитнесі» Білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті, біліктілік сипаттамаларына сәйкес жан-жақты білімі мен құзыреттілігі бар, жеке дамуға бағытталған бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайды. Бұл білім беру бағдарламалары бойынша ғылыми дәрежелілік 50%-дан асады.

Университетімізде білім алып жүрген білімгерлерге таңдалған спорт түрлері бойынша университет атынан Әлемдік, Азиялық, Халықаралық, Республикалық деңгейдегі жарыстар мен ҚР жоғары оқу орындары арасында өтетін қысқы және жазғы универсиадаларға, студенттік лигаларға қатысуға мүмкіндктері бар. 

«Дене шынықтыру және спорт» мектебі төмендегідей білім бағдарламалары бойынша жұмыс жасайды. Олар:

  • «6В01401-Дене шынықтыру және спорт»
  • «6В01402-Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық»
  • «6В11106-Спорттық туризм»
  • «6В11107-Спорттық-сауықтыру фитнесі» 

Білім беру бағдарламалары бойынша біліктілік алып шыққан түлектер төмендегідей көрсетілген қызметтер атқара алады.

  • «6В01401-Дене шынықтыру және спорт» білім бағдарламасының түлегі жалпы білім беретін, мамандандырылған мектеп-интернаттарда және жоғары оқу орнына дейінгі мекемелерде (колледждерде және т.б.) жаттықтырушы, сондай-ақ қалалық, аудандық, республикалық спорт мектептерінде дене шынықтыру мұғалімі болып т.б. жұмыстарды істей алады.
  • «6В01402-Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім бағдарламасының түлегі жалпы білім беретін, мамандандырылған мектеп-интернаттарда және жоғары оқу орнына дейінгі мекемелерде (колледждерде және т.б.) жаттықтырушы, сондай-ақ қалалық, аудандық, республикалық спорт мектептерінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы, азаматтық қорғаныс және тіршілік қауіпсіздігі қызметін ұйымдастырушы қызметінде, қауіпсіздік қызметтерінде, ҚР Қарулы Күштерінде, Ішкі және шекара әскерлерінде, ҰҚК және ІІМ органдарында сержанттық және офицерлік құрамында лауазымдарында нұсқаушы болып жұмыс істей алады.
  • «6В11107-Спорттық-сауықтыру фитнесі» білім беру бағдарламасының түлегі таңдаған спорт түрінің жаттықтырушысы, фитнес жаттықтырушысы, мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, жеке компанияларда, мәдени-демалыс қызметі объектілерінде, санаториятар мен курорттық және сауықтыру мекемелерінде, орта кәсіптік оқу мекемелері мен орталықтарында, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде фитнес нұсқаушысы, методист қызметтерін атқара алады. 

Оқу және педагогикалық, өндірістік практикалар

“6В01401-Дене шынықтыру және спорт”, «6В01402-Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім бағдарламасына түскен студенттер университетте оқу кезеңінде жалпы білім беретін мектептерде, мамандандырылған және спорт мектептерінде, жоғары оқу орнына дейінгі мекемелерде (колледждерде және т.б.) біріккен қорғаныс істер істер жөніндегі бөлім департаментінде (әскери комиссариат), оқу және өндірістік практикадан өтеді.

«6В11107-Спорттық-сауықтыру фитнесі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, жеке компанияларда, мәдениет және демалыс орындарында, санаториялар мен курорттық сауықтыру мекемелерінде, орта кәсіптік оқу орындары мен орталықтарында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде оқу-өндірістік практикадан өтеді.

“6В11106-Спорттық туризм” білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы әртүрлі меншік нысанындағы туризм және қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарында: мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарда, балалар-жасөспірімдер және жастар белсенді туризм орталықтары, жеке компанияларда; республикалық, халықаралық туроператорлық және турагенттік компанияларда; орналастыру және тамақтандыру саласындағы кәсіпорындарда; мәдени-демалыс қызметінің объектілерінде; санатория-курорттық компанияларда оқу және өндірістік практикадан өтеді.

Кафедра меңгерушісі:

  • Омаров Бахытжан Сұлтанұлы – PhD философия доктор, қауымдастырылған профессор, Gmail: bakhitzhan.omarov@iuth.edu.kz,
  • Байланыс тел: 8-701-835-34-10 
  • Мекен жайымыз: Рабиға Сұлтан Бегім, 14 А, Спорттық-сауықтыру кешені 160 квартал, 242 участок.

Мектеп туралы ақпарат

Бағдарламаның сипаттамалары

Образовательная программа кафедры направлена на подготовку высококвалифицированных специалистов в области физической культуры и спорта в системе высшего образования, владеющих основами наук, в области современных инновационных технологий и обладающих компетенциями в профессиональной деятельности, направленной на совершенствование физической культуры и спорта на региональном, республиканском и международном уровнях.

Міндетті пәндер

Теория и методика физического воспитания, Цифровые технологии в сфере физической культуры и спорта, Анатомия и основы спортивной морфологии, Физиологические основы физического воспитания, Методика организации внеучебной работы по физическому воспитанию, История физической культуры, Теория и методика видов борьбы, Методика развития физической силы.

Жеке білімнің траекториясы

подготовка конкурентоспособных специалистов, обладающих комплексными знаниями и необходимыми умениями и навыками, оказывающими влияние на их личностное развитие, а также способных осуществлять профессиональную деятельность, направленную на совершествование сферы физической культуры и спорта, умеющих оказывать услуги в сфере образования и спорта.

Кәсіби тәжірибе

Производственная / педагогическая практика студентов является важнейшим звеном в процессе профессиональной подготовки спортивного педагога: учителя физической культуры, тренера, инструктора по избранному виду спорта и направлена на закрепление и углубление теоретических знаний, полученных студентами в процессе обучения, формирование и развитие профессиональных умений и навыков, и изучение опыта работы по физическому воспитанию. Прохождение учебной и профессиональной практики студентов по аккредитуемой ОП соответствует подготовке высококвалифицированных специалистов и проводится в учреждениях, закрепленных за университетом в установленном порядке. Прохождение студентов учебной, педагогической и профессиональной практики является обязательным компонентом обучения по ОП специальности.

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру

Мектеп құрамы

Мектеп туралы

Білім беру бағдарламасы

Спорт

Шифр

B005

Факультет

Туризм и спорт

Білім деңгейі (бакалавриат)

Жоғарғы білім

Білім түрі

Күндізгі бөлім

Пәндерді таңдау

Шығармашылық емтихан

Профиль пәндері

Шығармашылық емтихан

Өту ұпайы

Шекті 50 балл және бейіндік пәндер бойынша 5 баллдан кем емес

Оқу ақысы

ҚР азаматтары үшін (теңге):

400 000 тг.

Шетел азаматтары үшін (теңге):

400 000 тг.