Smart education

Smart education – бұл ашық білім беру ресурстарында орналастырылатын жаңа білімдерге барынша қолжетімділік және оларды белсенді пайдалану. Smart education немесе ақылды оқытудың мақсаты – білім беру процесін электронды ортаға көшіру арқылы оқу процесін тиімді ету.

Білім берудегі Smart тұжырымдамасы біздің өмірімізге басқа да портативті құрылғылардың барлық функцияларын, барлық қызметтердің «әрқашан және барлық жерде» ұтқырлығын біріктіретін әртүрлі ақылды құрылғылардың – смартфондардың енуінен кейін пайда болды.

Студенттерге қызмет көрсету орталығы бұл қызмет көрсету стандарттары негізінде «бір терезе» қағидаты бойынша оқу-білім беру процесінің қызметтерін жылдам әрі сапалы ұсыну болып табылады. Оқу процестерінде, жатақханаға орналасу кезінде, әскери есепке алуды ресімдеу кезінде көмек көрсету, оқу орнынан анықтама беру, транскрипт беру, академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша консультация беру және т.б. бойынша қызметтер спектрін көрсетеді.

«Жатақханаға орналасуға өтінім жіберу» бөлімінде сіз жатақханаға орналасу ережелерімен таныса аласыз.

Қазіргі білім жан-жақты студенттердің білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Бұл мақсатты іске асыру үшін біз оқу үрдісінде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдануға тырысамыз. ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ «on-line» және «off-line» режимінде қашықтықтан оқу сабақтарын өткізуге негізделеді.

Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесі:

— оқу материалын қашықтықтағы порталға орналастыру;

— «on-line» режимінде кеңес беруді ұйымдастыру және өткізу;

— қашықтықтан білім беру технологияларын сүйемелдеу;

— «on-line» режимінде тыңдаушылармен кері байланысты ұйымдастыру;

— барлық қолжетімді заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, оқу процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы арқылы тыңдаушыларға әдістемелік көмекті қамтамасыз ету;

— «on-line» және «off-line» режимінде тыңдаушылардың оқу жетістіктерін бақылау;

— аутентификация жүйесі арқылы тыңдаушының жеке басын сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады.

«On-line» режиміндегі оқу сабақтары нақты уақыт режимінде (бейнеконференция, Интернет желісі бойынша хабарламалармен алмасу, телефон байланысы арқылы келіссөздер) оқытудың өзара іс-қимыл процесін көздейді.

«Off-line» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен тыңдаушының қарым-қатынасы асинхронды (электрондық пошта, кезекті аралық және/немесе қорытынды бақылауды тапсыра отырып, тыңдаушының оқытушының тапсырмасы бойынша оқу материалымен жұмысы) болатын оқу өзара іс-қимыл процесін көздейді.

Тыңдаушылардың универисеттің білім беру порталына кіру үшін  оқу, әдістемелік, ақпараттық, анықтамалық материалдар, таңдалған мамандық бойынша өзіндік тапсырмалар, тестілеу, оқытушылармен кейбір мәселелерді талқылау сынды орнатылған өз есептік жазбалары бар.