Шығармашылық емтихан ережеcі

Қабылдау ережелері 2021-2022 (қазақша)

«6В11107 – Спорттық-сауықтыру фитнес» білім беру бағдарламасы бойынша
оқуға түсушілерге арналған
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Жалпы ережелер

 

В092 – Тынығу білім беру бағдарлама тобы бойынша шығармашылық емтихан бағдарламасы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы негізінде дайындалды.

Шығармашылық емтихандар оқуға түсушілердің бойындағы қабілеттерді және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттарды анықтауға бағытталған.

Шығармашылық емтихан өткізілетін күндерді үлгі ережеде көрсетілген мерзімге сәйкес университет қабылдау комиссиясы белгілейді және шығармашылық емтихандар дәстүрлі форматта өткізіледі.

 

  1. Емтиханның мақсаты мен міндеттері 

В092 – Тынығу білім беру бағдарлама тобы бойынша шығармашылық емтиханды қабылдау мақсаты мен міндеттері:

  • талапкерлердің жалпы дене дайындығын тексеру;
  • талапкерлердің спорттық – сауықтыру фитнесіне бейімділігін айқындау;
  • дене шынықтыру мен спортқа бейімі бар талапкерлердің арнайы қабілеттерін тексеріп дарынды жастарды іріктеп алу.

 

  1. Емтиханды өткізу тәртібі

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаты бар, шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.

Жалпы орта және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім туралы құжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 45 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Оқуға түсушілердің құжаттары 2022 жылдың 20-маусым мен 7-шілде аралығында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде қабылданады.

Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Шығармашылық емтихан қабылдауға екі күн қалғанда, комиссия талапкерлерге арналған емтиханды өткізу тәртібі мен ережелерін түсіндіру жұмысы тиісті алаңда өткізеді.

Емтихан басталар алдында (30 минут бұрын) пәндік комиссия мүшелері жеке тұлғаны растайтын құжаттардың фотосуреті (пропуск) негізінде талапкердің тұлғасын анықтайды.

Талапкердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болуы міндетті.

Қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке басын сәйкестендіру рәсімінен кейін шығармашылық емтиханды қабылдауды бастайды.

Шығармашылық емтихан тапсыруға келмеген талапкерлерге ведомостқа «келмеді» деп жазылып балл қойылмайды.

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламаларын ЖЖОКБҰ-лар әзірлейді және ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін ЖЖОКБҰ басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен емтиханды өткізу кезеңіне емтихан комиссиясы құрылады.

Емтихан комиссиясының құрамына аппеляциялық комиссияның мүшелері кірмейді.

Комиссия тақ саннан тұрады және комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен комиссиясының төрағасы сайланады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

Емтихандарды өткізу кезеңіне шығармашылық емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен аппеляциялық комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.

Аппеляцияға өтінішті аппеляциялық комиссия төрағасының атына шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады, ол шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, аппеляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.

Аппеляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы аппеляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік дауысымен қабылданады. Аппеляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Аппеляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

 

  1. Бірінші шығармашылық емтиханды өткізу талаптары мен шарттары, бағалау көрсеткіштері 

Бірінші шығармашылық емтихан «Орындау шеберлігі» бойынша Халықаралық туризм және меймандостық университетінің оқу-сауықтыру кешенінде тәжірбиелік көрсетілім негізінде өтеді. Бұл жерде оқуға түсуші алдын ала өзінің дайындаған әртүрлі стильдегі 2-3 шығармасын орындап көрсетеді. Сонымен қоса олар төмендегі қойылымдарды орындауы керек:

  • Акробатикалық жаттығулар (алға аунау, артқа аунау, жауырынға тұру, қолды тіреп баспен тұру, бүйірден қапталға қолды тірей шеңбер жасап айналу, көпір жасау);
  • 8 саннан кем емес аэробикалық би жаттығулар кешені

Бірінші шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары балл саны – 45.

 

Білім беру бағдарламалар тобы бойынша І-ші шығармашылық емтиханды бағалау критерийлері

Бірінші шығармашылық емтихан бойынша бағалау көрсеткіштері төмендегідей бағаланады:

«45-38» балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау техникасы өте жоғары. Орындалған би жаттығулар өте  жоғары деңгейде, барлық қозғалыстар талапқа сәйкес орындалған. Дене мүшелерінің  икемділігі (пластика) және қозғалыс координациясы өте жақсы. Есту, тыңдау, би қозғалысының есте сақтау қабілеті өте жоғары. Орындаушылық тәсілі өте жақсы. Музыкалық қабілеті жоғары. Ырғақ өлшемі қалыптасқан. Қол-аяқ қалыптары, денені ұстау, бас және бет пішін көрсету икемділігі  өте жоғары.

«37-30»балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау техника заңдылықтары сақталған. Дене мүшелерінің икемділігі (пластика) және қозғалыс орнықты ұстау координациясы жақсы. Есту, тыңдау, би қозғалысының есте сақтау қабілеті жақсы. Орындаушылық тәсілі жақсы. Музыкалық қабілеті және ырғақ өлшемі жақсы. Қол-аяқ қалыптары, денені ұстау, бас және бет пішін көрсету икемділігі жақсы.

«29-22» балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау техникасы орташа. Есту, тыңдау, би қозғалысының есте сақтау қабілеті орташа. Орындаушылық тәсілі орташа. Музыкалық қабілеті және ырғақ өлшемі орташа.

«21-14» балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау кезінде дене мүшелерінін қозғалыстары орташа. Дене мүшелерінің  икемділігі (пластика) орташа, қимылы орнықты, дене ұстау кезінде координациясының кемшіліктер бар. Би қозғалысының есте сақтау қабілеті жақсы. Ырғақ өлшемі қалыптасқан. Аяқ және қол қалыптары, денені қою, бас және бет пішін көрсету икемділігі  орташа.

«13-5» балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау техникасы төмен. Ырғақ өлшемі қалыптасқан. Аяқ және қол қалыптары, денені қою, бас және бет пішін көрсету икемділігі  орташа.

«4-1»  балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау техникасы төмен. Би жаттығуларын төмен деңгейде. Жаттығуларды орындау қабілеті және координациясы жоқ. Дене мүшелерін қолдануы дұрыс емес.

  1. Екінші шығармашылық емтиханды өткізу талаптары мен сұрақтар тізімі, бағалау көрсеткіштері

Екінші «Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері» бойынша арнайы емтихан Халықаралық туризм және меймандостық университетінің бас ғимаратында өтеді.

Әңгiмелесу кезiнде әр талапкер шығармашылық емтихан комиссиясының алдына жеке сұхбаттасу құрады. Жалпы танымдық сұрақтарға жауап беру арқылы өзiнiң жан-жақты ой-өрiсiн байқатады. Талапкерлерге қойылатын бағдарлық ауызша сұрақтардың тiзiмiн қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы бекiтедi.

Әңгімелесу емтиханы бойынша ең жоғары балл саны – 45.

Әңгімелесу бойынша 15 баллдан кем алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер емтиханнан өтпеді деп есептеледі.

Әңгімелесуді қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi, осы бағдарламада реттелмеген кейбір мәселелердi шығармашылық емтихан комиссиясының мүшелерi өз беттерiнше шешедi.

 

Әңгімелесудің бағдарлық сұрақтар жобасы

Спорттық-сауықтыру фитнесі білім беру бағдарламасын неліктен таңдадыңыз?

  1. Фитнестегі күш қабілеттерін дамыту жолдары?
  2. Фитнестегі күш қабілеттерінің түрлері, көріну деңгейін анықтайтын факторлар, даму деңгейін бағалау, даму әдістемесі?
  3. Фитнестің заманауи түрлеріне анықтама беріңіз?
  4. Фитнестегі жылдамдық-күш қабілеттерінің түрлері, көріну деңгейін анықтайтын факторлар, даму деңгейін бағалау, даму әдістемесі?
  5. Фитнестегі адамның жалпы төзімділігі: анықтамасы, физиологиялық және биохимиялық механизмдері. Функционалды төзімділік резервтері?
  6. Фитнестегі төзімділікті дамыту әдістері?
  7. Фитнестегі спортшылардың даму деңгейін бағалау?
  8. Фитнес залдарда шұғылдану кезінде жарақаттану жағдайлардың алдын алу? Алғашқы көмек көрсету?
  9. Фитнеспен шұғылданушыларға жаттығу жүктемесі туралы түсінік, оның компоненттері?
  10. Финес залдарында жарыстарды (жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу, Негізгі құжаттар: жарыс ережесі, өтінім)?
  11. Фитнеспен айналысушылардың бәсекелестік қызметті бақылау үшін қолданылатын заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану?
  12. Фитнестегі спорттық жаттығу құралдары?
  13. Дене жаттығуларын жіктеу. Олардың оқу – жаттығу жұмысындағы рөлі?
  14. Фитнес сабақтарын ұйымдастырудағы қауіпсіздік техникасы?
  15. Фитнес залдарында шұғылданушылардың тамақтану ерекшеліктері?
  16. Фитнеспен ұғылданушылардың диета калориясының мөлшері және дененің энергия шығындарына сәйкестігі?
  17. Жеке тренинг?
  18. Кардиотренировка әдісі?
  19. Фитнесті не үшін таңдадыңыз?
  20. Стретчинг сипаттамасы. Дайындық және қорытынды бөлімдегі созылу әдістемесі?
  21. Шейпингтің жалпы сипаттамасы. Шейпинг жаттығуларының сауықтыру фитнес жүйесінен ерекшелігі?
  22. Фитнес диетасындағы тағамдық қоспалардың рөлі?
  23. Фитнес бизнесіндегі маркетинг негіздері және сату бөлімінің функциялары сату бөлімінің қызметін ұйымдастыру?
  24. Топтық фитнес сабақтардағы нұсқаушысының кәсібилігі?
  25. Топтық фитнес бағдарламалары?
  26. Бодибилдинг дегеніміз не?
  27. Фитнес-иога дегеніміз не?
  28. Би аэробикасы дегеніміз не?
  29. Акваэробика дкгкніміз не?
  30. Пауэрлифтинг дегеніміз не?

 

Талапкердің интеллектісін, қызығушылығын және бейімділігін анықтау үшін комиссия мүшелері басқа да сұрақтар қоя алады.

Қойылған сұрақтар мен әр талапкердің жауабы хаттамаға енгізіледі. Бұл құжаттың соңына жауаптың қысқаша сипаттамасы және жалпы қорытынды беріледі. Хаттамаға комиссия мүшелері қол қояды.

 

Білім беру бағдарламалар тобы бойынша ІІ-ші шығармашылық емтиханды бағалау критерийлері

45-35 ұпай («өте жақсы») – комиссия мүшелерінің барлық сұрақтарына толыққанды, тыңғылықты, нақты дәлел-мысалдармен аргументтеп, жатық әрі сауатты жауап берген талапкерге қойылады.

34-25 ұпай («жақсы») – комиссия мүшелері қойған сұрақтардың басым бөлігіне орташа жауап берген, азғана білімін көрсетіп, сұрақтың мәнін біршама ұғына алатын талапкерге қойылады.

24-15 ұпай («қанағаттанарлық») – комиссия мүшелері қойған сұрақтарға тыңғылықты жауап бере алмаған, сұрақтан ауытқып мәнін атүсті ғана ұғына алатын талапкерге қойылады.

14-0 ұпай («қанағаттанғысыз») – комиссия мүшелері қойған сұрақтарға жауап бере алмаған, таңдаған мамандығы туралы хабарының мүлдем жоқ екендігін аңғартқан, дүниетанымы саяз екендігін көрсеткен талапкерге қойылады.

 

  1. Қысқартылған оқыту мерзімдері бойынша бірінші шығармашылық емтиханды өткізу талаптары 

Бірінші шығармашылық емтихан «Орындау шеберлігі» бойынша Халықаралық туризм және меймандостық университетінің оқу-сауықтыру кешенінде тиәжірбиелік көрсетілім негізінде өтеді. Бұл жерде оқуға түсуші алдын ала өзінің дайындаған әртүрлі стильдегі 2-3 шығармасын орындап көрсетеді. Сонымен қоса олар төмендегі қойылымдарды орындауы керек:

  • Акробатикалық жаттығулар (алға аунау, артқа аунау, жауырынға тұру, қолды тіреп баспен тұру, бүйірден қапталға қолды тірей шеңбер жасап айналу, көпір жасау);
  • 8 саннан кем емес аэробикалық би жаттығулар кешені

Бірінші шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары балл саны – 20.

 

Білім беру бағдарламалар тобы бойынша І-ші шығармашылық емтиханды бағалау критерийлері

Бірінші шығармашылық емтихан бойынша бағалау көрсеткіштері төмендегідей бағаланады:

«20-19» балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау техникасы өте жоғары. Орындалған би жаттығулар өте  жоғары деңгейде, барлық қозғалыстар талапқа сәйкес орындалған. Дене мүшелерінің  икемділігі (пластика) және қозғалыс координациясы өте жақсы. Есту, тыңдау, би қозғалысының есте сақтау қабілеті өте жоғары. Орындаушылық тәсілі өте жақсы. Музыкалық қабілеті жоғары. Ырғақ өлшемі қалыптасқан. Қол-аяқ қалыптары, денені ұстау, бас және бет пішін көрсету икемділігі  өте жоғары.

«18-15» балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау техника заңдылықтары сақталған. Дене мүшелерінің икемділігі (пластика) және қозғалыс орнықты ұстау координациясы жақсы. Есту, тыңдау, би қозғалысының есте сақтау қабілеті жақсы. Орындаушылық тәсілі жақсы. Музыкалық қабілеті және ырғақ өлшемі жақсы. Қол-аяқ қалыптары, денені ұстау, бас және бет пішін көрсету икемділігі жақсы.

«14-10» балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау техникасы орташа. Есту, тыңдау, би қозғалысының есте сақтау қабілеті орташа. Орындаушылық тәсілі орташа. Музыкалық қабілеті және ырғақ өлшемі орташа.

«9-6» балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау кезінде дене мүшелерінін қозғалыстары орташа. Дене мүшелерінің  икемділігі (пластика) орташа, қимылы орнықты, дене ұстау кезінде координациясының кемшіліктер бар. Би қозғалысының есте сақтау қабілеті жақсы. Ырғақ өлшемі қалыптасқан. Аяқ және қол қалыптары, денені қою, бас және бет пішін көрсету икемділігі  орташа.

«5-3» балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау техникасы төмен. Ырғақ өлшемі қалыптасқан. Аяқ және қол қалыптары, денені қою, бас және бет пішін көрсету икемділігі  орташа.

«2-1»  балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау техникасы төмен. Би жаттығуларын төмен деңгейде. Жаттығуларды орындау қабілеті және координациясы жоқ. Дене мүшелерін қолдануы дұрыс емес.