Халықаралық туризм және меймандостық университетіне «Халық» қайырымдылық қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов іс сапармен келді.
Алдымен, Нариман Әбілшайықов университет студенттері мен қызметкерлеріне арнап «I CAN» атты арнайы көшбасшылық дәрісін өткізді. Онда кәсіп әлеміндегі өзіндік тәжірибесін көрсете отырып, қоғамға пайдалы болу тәсілдерімен бөлісті.
Одан әрі, іс сапар барысы екі жақты ынтымақтастық туралы келісіммен жалғасты. Атап айтсақ, Нариман Әбілшайықов басшылық ететін «Халық» қайырымдылық қоры мен Халықаралық туризм және меймандостық университеті меморандумға қол қойды. Университет Басқарма төрағасы-Ректоры Әлібек Шоқпаров меморандумның маңызын түсіндіріп, Нариман Әбілшайықовқа алғысын білдірді.
«Еліміздегі туризм индустриясы үшін кадрлар дайындайтын жалғыз мамандандырылған жоғары оқу орны ретінде біз университетті кәсіпорындармен, туристік ұйымдармен, жергілікті атқарушы органдармен серіктестігіне негізделген, жастарды туризмге тартуға бағытталған университеттің жаңартылған (әлеуметтік) миссиясын анықтадық. Ол әлеуметтік-пайдалы іс-шаралар және аймақтың, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ат салысу. Осы мақсатта, бүгін біз «Халық» қайырымдылық қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Алдағы уақытта екі жақты келісімнің арқасында біршама жұмыстар жүзеге асады деген ойдамын» – деді, Әлібек Жұмабекұлы.
Алдағы уақытта екі жақты ықтымақтастық туралы келісім шарт аясында төмендегі шарттар жүзеге асатын болады.
IUTH Медиа және PR орталығы