IUTH студенттері Әлем чемпионатына жолдама алды

Халықаралық туризм және меймандостық университеті «Дене шынықтыру және спорт» мектебінің 3 бірдей білім алушылары Әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

«Дене шынықтыру және спорт» білім бағдарламасының білім алушысы Гладкова Алена және «Спорттық сауықтыру фитнесі» мамандығының студенті Абдырова Ирода барлық жастағы спортшылар арасында классикалық және киімді жатып сығымдау спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында І орын иеленді. Гладкова Алена 57 кг салмақ дәрежесі бойынша бақ сынап 80 кг салмақты, Абдырова Ирода 76  кг салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп 100 салмақты бағындырды. Нәтижесінде, 25 мамыр мен 1 маусым аралығында АҚШ-тың Техас штатында өтетін Әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

Сондай-ақ, 8-11 наурыз аралығында Тараз қаласында Гір тасын көтеру спорт түрі бойынша өткен ҚР чемпионатында «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім бағдарламасының 3-курс студенті Бейсенбай Ерсұлтан топ жарды. Ол 85 кг салмақ дәрежесі бойынша бақ сынап 32 кг гір тасын 10 минутта 52 рет көтеріп, Грекияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

Жеңімпаз студенттерімізді мақтан тұтып, алдағы тартысты додада сәттілік тілейміз

IUTH Медиа және PR орталығы