АҚШ-та тағылымдамадан өтудің қызықты мүмкіндіктері туралы

АҚШ консулдығы біздің университеттің білім алушылары арасында америкалық студенттік бағдарламаларды дамытуға қызығушылық танытты.

Opportunity компаниясының өңірлік директоры Розикулова Сарвинозбен кездесуі болып, Work and Travel бағдарламасы туралы, сондай-ақ АҚШ-та тағылымдамадан өтудің қызықты мүмкіндіктері туралы айтылды.

Work and Travel – бұл америкалықтардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениетімен танысып, шетелден тәжірибе жинақтап, Американы көріп, ағылшын тілін жетілдіргісі келетін студенттерге арналып құрылған халықаралық байланыс бағдарламасы.