«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ» МЕКТЕБІ
Мектеп тарихы
Университетімізде алғаш рет 2020-2021 оқу жылының қыркүйек айынын бастап “Спорт және жалпы білім беру пәндері” кафедрасы құрылды. 2021 жылдың қыркүйекте “Спорт” кафедрасы болып бөлініп шығып “Туризм және спорт” факультетінің дербес құрылымдық бөлімшесіне айналды. 2023-2024 оқу жылынан бастап құрылымдық өзгерістерге байланысты «Дене шынықтыру және спорт» мектебіне ауыстырылды.
Қазіргі таңда мектепті PhD философия доктор, профессор м.а. Омаров Бақытжан Сұлтанұлы басқарады.
«Дене шынықтыру және спорт» мектебі жоғары ғылыми-педагогикалық әлеуеті бар университеттің құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Мектепте әр түрлі спорт түрлері бойынша арнайы пәндерді оқытатын, терең білімі, сыни және креативті ойлауы бар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар жұмыс істейді. Мектептің профессорлық-оқытушылық құрамының штаты 25 адамды құрайды, оның ішінде 2 ғылым докторы, 5 PhD докторы, 6 ғылым кандидаты, 1 ҚР Құрметті спорт қайраткері, 1 ҚР Құрметті спорт қызметкері, 8 аға оқытушы магистрлер мен 2 оқытушы магистр және 2 әдіскер қызмет атқарады. Сонымен қатар, олардың ішінде екі оқытушы-профессорларымыз КСРО Спорт Шебері, 4 ҚР Спорт Шебері, 4 оқытушы-профессорларымыз ҚР жоғары оқу орынының «Үздік оқытушысы» номинациясының иегері.
Мектеп «6В01401-Дене шынықтыру және спорт», «6В01402-Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық», «6В11107-Спорттық-сауықтыру фитнесі» Білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті, біліктілік сипаттамаларына сәйкес жан-жақты білімі мен құзыреттілігі бар, жеке дамуға бағытталған бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайды. Бұл білім беру бағдарламалары бойынша ғылыми дәрежелілік 50%-дан асады.
Университетімізде білім алып жүрген білімгерлерге таңдалған спорт түрлері бойынша университет атынан Әлемдік, Азиялық, Халықаралық, Республикалық деңгейдегі жарыстар мен ҚР жоғары оқу орындары арасында өтетін қысқы және жазғы универсиадаларға, студенттік лигаларға қатысуға мүмкіндктері бар.
«Дене шынықтыру және спорт» мектебі төмендегідей білім бағдарламалары бойынша жұмыс жасайды. Олар:
Білім беру бағдарламалары бойынша біліктілік алып шыққан түлектер төмендегідей көрсетілген қызметтер атқара алады.
Оқу және педагогикалық, өндірістік практикалар
“6В01401-Дене шынықтыру және спорт”, «6В01402-Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім бағдарламасына түскен студенттер университетте оқу кезеңінде жалпы білім беретін мектептерде, мамандандырылған және спорт мектептерінде, жоғары оқу орнына дейінгі мекемелерде (колледждерде және т.б.) біріккен қорғаныс істер істер жөніндегі бөлім департаментінде (әскери комиссариат), оқу және өндірістік практикадан өтеді.
«6В11107-Спорттық-сауықтыру фитнесі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, жеке компанияларда, мәдениет және демалыс орындарында, санаториялар мен курорттық сауықтыру мекемелерінде, орта кәсіптік оқу орындары мен орталықтарында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде оқу-өндірістік практикадан өтеді.
Мектеп директоры:
Мектеп әдіскерлері:
Акмырза Қуаныш Лесханұлы
Тайтенова Жанат Калдархановна