Құрметті студенттер!
2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне Prince of Songkla университетіне (Таиланд) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға құжаттар қабылдау мерзімі ашылды.
Prince of Songkla University (PSU), Таиланд:
– Таиландтағы ең үздік жоғары оқу орындарының бірі;
– Университет 1967 жылы құрылған мемлекеттік мекеме;
Times Higher Education World University Rankings 2024 рейтингінде Prince of Songkla университеті Таиланд бойынша 6 орында. QS World University Rankings 2024 рейтингі бойынша 901-950 орын алады. Ал, Webometrics Ranking мәліметтеріне сүйенсек 624 орынды иеленеді.
Кімдер қатыса алады:
– 1-2 курс студенттері.
Қаржылық шарттар:
– оқыту тегін негізде жүзеге асырылады
Және де басқа шығындары өтеледі:
Қажетті құжаттар:
(GPA 3,00-ден төмен емес)
Қосымша болған жағдайда:
Конкурсқа қатысуға өтінім беру:
Барлық құжаттарды электрондық нұсқада pdf форматында international.office@iuth.edu.kz поштаға жіберу тиіс (электрондық поштаға «Академия.моб. Күз 2024-2025» тақырыбын жазыңыз).
Сондай-ақ, қағаз нұсқадағы құжаттарды Халықаралық ынтымақтастық бөліміне (оқу корпусы, 209 каб.) әкелу қажет.
Өтінім беру мерзімі: 28 сәуір 2024 жыл
Құжаттарды international.office@iuth.edu.kz поштасына жіберген тұлғалар ғана академиялық ұтқырлыққа қатысуға жіберіледі, пункттердің бірі болмаған жағдайда білім алушылар конкурсқа қатыса алмайды.
Қосымша:
Қосымша ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне (оқу корпусы, 209 каб.) жүгіне аласыз немесе +7 778 618 74 72 (Дильмуратқызы Әсел) нөміріне хабарласа аласыз.
ЕСКЕРТУ:
Құжаттарды түзетусіз бір рет жіберіңіз, жібермес бұрын жиналған құжаттардың толық тізім бойынша тексеріңіз (қайта жіберілген құжаттар ешқайсысы есепке алынбайды).