«Туризм» мектебінің PhD., қауымдастырылған профессор м.а. Абишов Нұржан «Ғылым қызметкерлері күні» қарсаңында Ұлыбританиядан құттықтау жолдады

Болашақ бағдарламасының  «500 ғалым тағылымдамасы» аясында «ЖОО білім беру менеджменті бағдарламасы» бойынша Ұлыбритания еліндегі Reading университетінде тағылымдамадан өтудемін. Бірнеше жылғы тәжірибемізге сүйене отырып, қазіргі таңда осы университеттің жалпы білім беру жүйесіндегі айырмашылықтар, ұқсастықтар, пайдалы тұстары туралы салыстыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Англияның төрінде, 150 жылдан астам тарихы бар жоғарғы оқу орнында  тағылымдамадан өту – бір ғалым оқытушының  біліктілік арттырып шыңдалуында оң әсер етері анық. 2024 жылғы QS World University Rankings рейтингінде 169-орынға ие болған Reading университеті әлемдегі ең үздік 200 университеттің қатарына кіреді. Кәсіпорындар мен жұмыс берушілер арасындағы беделінің артуы және орташа зерттеулерге сілтемелердің артуы Reading университетінің жаһандық рейтингте көтерілуіне түрткі болатын факторлар. Reading университетінде білімнің шекарасын ілгерілететін, әркімнің даму мүмкіндігі бар ортаны қамтамасыз ету арқылы креативті орта құрылған.

Осындай мүмкіндіктер біздің де университетімізде дамып келеді. Ғылым апталығында киелі жерде ораналасқан университетіме, басқарып отырған басшылыққа, әріптестерге рақмет айтып, QS рейтінгінде жоғары көрінейік және ғылымда жаңалықтар жасайық  дегім келеді.

 

Халықаралық туризм және меймандостық университеті «Туризм» мектебінің PhD., қауымдастырылған профессор м.а. Абишов Нұржан Орынбасарұлының  «Ғылым қызметкерлер күніне» арналған құттықтауы