Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Ғылым апталығы» аясында «Қазақстан туризмін әлемдік деңгейде дамыту: мәселелері және перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті.

Ғылым апталығы мен «Қазақстан туризмін әлемдік деңгейде жақсарту мақсатында саяхатшылардың пікірлері негізінде үлкен деректерді (Big Data) талдау және мәтінді өңдеу» атты гранттық жоба аясында ұйымдастырылған жиынға университет қызметкерлері мен халықаралық ғалымдар қатысып, баяндама оқыды. Конференцияның мақсаты – Қазақстан туризмін әлемдік деңгейде дамытудың өзекті мəселелері бойынша ғалымдар мен мамандардың ғылыми нəтижелері мен практикалық жұмыс тəжірибесін талдау және жинақтау.

Аталған іс-шараға Түркия, Өзбекстан, Индия, Ұлыбритания, Ресей және Қазақстаннан ғалымдар мен студенттер қатысты. Конференцияға қатысушылар Қазақстандағы туризмді халықаралық деңгейде дамыту бойынша ғалымдар мен мамандардың ғылыми нәтижелері мен практикалық тәжірибесін талқылады.