IUTH қызметкерлері біліктілікті арттыру курсынан өтті

Халықаралық туризм және меймандостық университет қызметкерлері «Білім берудегі менеджмент: университеттің трансформациясы және өзгерістерді басқару» атты біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Арнайы курс барысында университетте бизнесті модельдеу тәсілдері және сапаны қамтамасыз ету жүйесін үнемі жетілдіруге бағытталған үрдістер мен жүйелік тәсілдерді енгізу ерекшеліктері зерттеліп, университет пен білім беру бағдарламаларын басқаруда жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды. Біліктілікті арттыру бағдарламасын сапа саласындағы білікті сарапшылары Марина Александровна Скиба, Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының сарапшысы, т.ғ.к., доцент және Ирина Евгеньевна Ефимова, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент жүргізді.

Біліктілікті арттыру курсының соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.