«Инклюзивті білім беру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті

2024 жылдың наурыз айында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Инклюзивті білім беру»  тақырыбында біліктілік арттыру курсы өтті. Онда университеттің 163 қызметкері мен оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Инклюзивті білім беру мәселесі бүгінгі таңда білім беру жүйесінде өзекті мәселесі болып табылады. Осыған байланысты инклюзивті білім беру теориясы мен әдістемесінің негіздерін білім беру жүйесінде қызмет ететін оқытушылар мен мамандардың білуі заңдылық. Курс барысында тыңдаушылар ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар үшін білім беру ортасын заманауи моделдеуді; инклюзивті білім беруге қатысты білім алушылар үшін оқу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерін және білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау жасауды және оқу жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдерін меңгерді.