Асылбек Кожахметовтің көшбасшылық дәрісі өтті

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Almaty Management University (AlmaU)негізін қалаушы және президенті Асылбек Кожахметовтің көшбасшылық дәрісі өтті.

Онда Асылбек Қожахметов сапалы білім беру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және жетілдіру, сыни және стратегиялық ойлау мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Асылбек Базарбайұлы КазҰУ механика және қолданбалы математика факультетінің түлегі. Ол Германия, Франция, Ұлыбритания, Бельгия, Голландия, Венгрия, Эстония елдерінде менеджмент бойынша арнайы тағылымдамадан өткен. 2013 жылы Асылбек Қожахметов «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының стипендиаты болды.

IUTH Медиа және PR орталығы