«Эрудит» зияткерлік сайысы өз мәресіне жетті

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде екінші рет «Эрудит» зияткерлік сайысы өтті. Гуманитарлық мектептің ұйымдастыруымен болған сайыста 70-тен аса студент тіркеліп, бақ сынады. Екі кезеңнен тұратын интеллектуалды сайыс жыл сайын ұйымдастырылып, дәстүрге айналмақ. 

Сайыстың негізгі мақсаты студенттердің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту. Гуманитарлық ғылымдар саласына ғылыми ізденушілігіне қызығушылықты арттыру. Оларды жеке тұлғалық және шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасау. Сайыс университет студенттеріне арналған «жалпы білім беру» пәндері оқу бағдарламалары бағытындағы тақырыпта өрбіді.

Сайыстың екі турынан (тестілеуден және эссе жазу) өткен жеңімпаздар:

  1. Зиявов Үмітбек – 1 орын (І дәрежелі Диплом) -ХІТ 22-07
  2. Қалкөз Ерсұлтан – 2 орын ( ІІ дәрежелі Диплом)-ХІТ 22-01
  3. Абдусаттарова Нигина – 2 орын ( ІІ дәрежелі Диплом)-ХИТ 22-01
  4. Елемесова Мадина – 3 орын (ІІІ дәрежелі Диплом)-XIT 22-06
  5. Аят Ақмарал – 3 орын (ІІІ дәрежелі Диплом)-ТҚИҰ 22-02
  6. Жумабек Нурсулу – 3 орын (ІІІ дәрежелі Диплом)

Барлық жеңімпаздарға алғыс айтамыз!

IUTH Медиа және PR орталығы