«TURKISTAN TRAVEL: МИР ЧЕРЕЗ ОБЪЕКТИВ» атты фотокөрме өтті

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «TURKISTAN TRAVEL: МИР ЧЕРЕЗ ОБЪЕКТИВ» атты фотокөрме өтті. «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» атануы аясында, туризм саласын дамыту мен дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға журналист-композитор Бекжігіт Сердәлі, журналист Молдияр Ергебек, фотограф Нахып Шынтеміров және университет қызметкерлері қатысты.

Көрмеге түркістандық фотограф Нахып Шынтеміровтің туындылары қойылып, көпшілік назарына 30 фото ұсынылды. Студенттер рухани шаһардың әсем жерлерін объектив арқылы жеткізген Нахып Шынтеміровтің төл туындыларын тамашалап, жақынырақ танысты.

Жиын соңында университет басшылығы МИР ЧЕРЕЗ ОБЪЕКТИВ TURKISTAN TRAVEL фотокөрмесінің өтуіне белсенді ат салысқаны үшін ұйымдастырушыларды марапаттап, алғыс білдірді.

IUTH Медиа және PR орталығы