Ректормен еркін форматтағы кездесу

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Әлібек Жұмабекұлы Шоқпаровтың студенттермен еркін форматтағы кездесуі өтті.

Төрт сағатқа созылған кездесуде, Әлібек Жұмабекұлы университеттің алдағы жоспарлары, университет ерекшеліктері, туризм саласының республика бойынша маңыздылығына тоқталып, білім беру бағдарламаларындағы тың өзгерістерді атады. Өзара диалог форматында өткен кездесуде студенттер де университет ректорына ашық сұрақ қойып, түрлі ұсыныстар айтты. Солардың басым көбі университеттегі оқу үдерісін жақсарту, жастардың сабақтан бос уақытын тиімді ұйымдастыру, белсенді студенттерге университет тарапынан қолдау білдіру, академиялық ұтқырлықты көбейту туралы болды. Сондай-ақ, 3- курс студенті Ұлжалғас Сейділлә ректораттағы асханада кафе ашу жобасын таныстырды.

Өз кезегінде университет ректоры Әлібек Жұмабекұлы студенттер тарпынан айтылған сұрақтар мен ұсыныстар жауапсыз қалмайтынын, әрдайым осындай кездесулерге ашық екенін жеткізді.

Жиын соңында ректор студенттерге  алғыс білдіріп, алдағы уақытта да белсенділік танытуға шақырды.

IUTH Медиа және PR орталығы