ҚР Ғылым және жоғары білім министрі IUTH оқытушысына мемлекеттік ғылыми стипендияны тағайындау туралы сертификат табыстады

ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Халықаралық туризм және меймандостық университетінің оқытушысы Мейірбеков Ақылбек Қайратбекұлына мемлекеттік ғылыми стипендияны тағайындау туралы сертификат табыстады

Бүгін Түркістанда «Қазақ тілі – ғылым тілі: дәстүр және инновация» симпозиумы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы – 2023» және «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдар мен оқытушылар, білім беру мекемелерінің басшылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Естеріңізге салайық, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылғы жыл сайынғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар конкурсының нәтижесін жариялаған болатын. Нәтижесінде Халықаралық туризм және меймандостық университетінің оқытушысы ғылыми стипендияның иегерлері атанған еді. Бүгін Ақылбек Мейірбеков және өзгеде жеңімпаздар симпозиумы аясында марапатталып, Саясат Нұрбектің атынан арнайы құттықтау алды.

IUTH Медиа және PR орталығы