IUTH Бакудегі ЭЫҰ мүше мемлекеттердің бірінші отырысына қатысты

Халықаралық туризм және меймандостық университеті 4-5 желтоқсан аралығында Баку қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің туризм бойынша білім беру мекемелерінің бірінші кездесуіне спикер ретінде қатысты. Онда Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Басқарма төрағасы-Ректор м.а. Қарлығаш Аралбекова «The human resources for tourism industry in kazakhstan: contemporary challenges and opportunities» тақырыбында баяндама оқыды.

Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ) бастамасымен Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік Туризм агенттігімен бірлесіп туризм бойынша мамандандырылған жоғары оқу орындарының бірінші отырысы өтті.  Әзірбайжан, Австрия, Қырғызстан, Пәкістан, Түркия және Түркіменстан университеттерімен болашақ ынтымақтастыққа жол ашатын маңызды пікірталастар жүргізілді және байланыстар орнатылды.

Идея мен тәжірибе алмасу туристік білім саласындағы бірлескен бастамалардың жарқын болашағына кепіл береді.

IUTH Медиа және PR орталығы