IUTH 8-ші Халықаралық студенттер симпозиумына қатысты

Халықаралық туризм және меймандостық университеті 8-ші халықаралық студенттік конгресіне қатысты. Өзбекстанның Самарқанд мемлекеттік экономика және сервис институтында өткен жиында университетіміздің Әлеуметтік даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-ректоры Акимов Жақсылық Макмутұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Халықаралық шарада студенттер әр тақырыпта жоба қорғап, жұмыстарын таныстырды. Соның ішінде, университетіміздің білім алушылары Есланбек Аяна және Алмухан Адина «DEVELOPMENT OF ETHNOTOURISM IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» тақырыбында, ал, Усен Мария «LEGAL STATUS OF TOURISTS IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» тақырыбында арнайы жоба қорғады.

Симпозиум қорытындысы бойынша білім алушыларымыз жүлделі орындармен марапатталып, қатысушы сертификаты және жетекшілеріне алғыс хат табысталды.

IUTH Медиа және PR орталығы