ІІІ Студенттік ғылыми-теориялық конференциясының жабылу салтанаты өтті

2023 жылдың 4 желтоқсанында кезекті ІІІ Студенттік ғылыми-теориялық конференциясының жабылу салтанаты болды. 27-30 қараша аралығында  5 секция жұмыс жасап, 138 баяндама тыңдалды. Әр секциядан І орынға – 1 студент, ІІ орынға – 2 студент, ІІІ орынға – 3 студенттен иеленді.

ІІІ Студенттік ғылыми-теориялық конференциясының жабылуында орын алған студенттерді салтанатты түрде дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Жүлделі орынға ие болған студенттердің еңбектері «Жас ғалым» конференция жинағында жарияланатын болады және жыл сайынғы Қазақстан Республикасының ЖОО арасында  болатын техникалық, әлеуметтiк-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студентердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық байқауына жолданатын болады.

IUTH Медиа және PR орталығы