VIII Халықаралық студенттер конгресі. Өзбекстан, Самарқанд қ.

Халықаралық туризм және меймандостық университеті VIII-ші Халықаралық студенттік конгресіне қатысты. Өзбекстанның Самарқанд мемлекеттік экономика және сервис институтында өткен жиында университетіміздің Әлеуметтік даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-ректоры Акимов Жақсылық Макмутұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Халықаралық шарада студенттер әр тақырыпта жоба қорғап, жұмыстарын таныстырды. Соның ішінде, Университетіміздің білім алушылары Есланбек А. және Алмухан А. «Development of etnotourism in the republic of Kazakhstan» тақырыбында, Усен М. «Legal status of tourism in the republic of Kazakhstan» тақырыбында арнайы жоба қорғады. Симпозиум қорытындысы бойынша білім алушыларымыз жүлделі орындармен марапатталып, қатысушы сертификаты және жетекшілеріне алғыс хат табысталды.