Индонезияның Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасындағы Елшісі Др. Мохамад Фаджрул Рахманның Халықаралық туризм және меймандостық университетіне ресми іссапары

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Тоғызбаев Дәулет Әзілханұлының шақыруымен университетімізге 2023 жылының 9 желтоқсанында Индонезияның Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасындағы Елшісі Др. Мохамад Фаджрул Рахман бастаған делегация ресми іссапармен келді.

Іссапар барысында, шетелдік делегация Халықаралық туризм және меймандостық университетінің басшылығымен кездесті, кездесу барысында тараптар Индонезия мен Қазақстан Республикасының университеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ, білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, қонақ дәрістеріне ғалымдарды тарту және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Іссапар барысында, Индонезия елшісі Мохамад Фаджрул Рахман студенттермен кездесіп, «Индонезия дипломатиясы» тақырыбында қонақ дәріс өткізді. Елшімен кездесу қоғамдық дипломатия аясында интерактивті форматта өтті, студенттер арасында викториналар өткізілді, мәдени бағдарламаны ұйымдастырушылар Индонезияның дәстүрлі билері мен ұлттық тағамдарын ұсынды.