Б.Турусбеков атындағы Қырғыз мемлекеттік дене шынықтыру және спорт академиясында студент және жас ғалымдар арасында ХІІ-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

2023 жылдың 04-08 қыркүйек аралығында Б.Турусбеков атындағы Қырғыз мемлекеттік дене шынықтыру және спорт академиясында, Халықаралық дене шынықтыру және спорт университеттері ассоциациясының ұйымдастыруымен студент және жас ғалымдар арасында өткен «Университеттік спорт: денсаулық және ұлттың өркендеуі» атты ХІІ-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда IUTH студенттері ССФ-22-01 оқу тобының студенті А.Құлахмет «Маркетинг в физической культуре и спорте» (ғылыми жетекшісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.М.Есиркепов) және ДШБӘД-21-01 оқу тобының студенті Ж.Боранбай «Расстройство пищевого поведения и его последствия в спорте» (ғылыми жетекшісі п.ғ.к., профессор А.К.Анарбаев) тақырыптары бойынша баяндама жасады.