IUTH ректоры есеп беру кездесуін өткізді

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Айдос Сәкенов бір жылдық есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға университеттің профессор-оқытушы құрамы және құрылымдық бөлім басшылары мен қызметкерлер қатысты. Айдос Мерекеұлы жиын барысында бір жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып, нәтижелерге шолу жасады.

«Бір жыл бұрын Түркістанға жұмыс бабымен қоныс аударғаннан кейін, университеттің Басқарма төрағасы-ректоры ретінде жаңа қызметтегі кез келген жағдайға бейімделіп, түрлі өзгерістерде жедел әрекет ету керек болды. Нақтырақ айтсам, ой-жоспарды жинақтап, алдын ала әрекет ете білу өте маңызды еді. Мұның барлығы да мүмкіндіктерді пайдаланып, тиімді өзгерістерді бастау арқылы университеттің жарқын болашағын құруға бағытталған қадамдар болды.

Биыл, 2023 жылы, қабылдау комиссиясының жұмысы бойынша 1000-ға жуық талапкер IUTH студенті атанды. Олардың басым бөлігі еліміздің әртүрлі аймақтарынан біздің Халықаралық Туризм және меймандостық университетіне қызығушылық танытып, іздеп келген жастар. Бұл біз үшін зор жауапкершілік», – деді Айдос Сәкенов.

Сондай-ақ 2022-2023 оқу жылында бірнеше бағытта жұмыс істеп, нәтижелі көрсеткіш болғанын атап өтті. Мәселен:

  1. Бакалавриаттың Білім беру бағдарламаларының (бұдан әрі – БББ) саны 7-ден 11-ге дейін артып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі БББ Реестріне сәтті енгізілді;
  2. Биылғы жылдан бастап университетімізде әскери кафедра іске қосылды;
  3. Ғылыми-зерттеу орталығы 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына 4 ғылыми жоба әзірлеп, конкурс нәтижесінде жалпы сомасы 140 млн. теңгеге 2 гранттық жоба жеңіп алдық;4.     Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттікпен 5 Білім беру бағдарламамыз 5 жылға аккредиттелді;
  1. Магистратураның мамандандырылған және ғылыми-педагогикалық бағыттары бойынша 4 БББ әзірленіп, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі БББ Реестріне енгізілді;
  2. Rixos Water World Aktau кешенінде 150 студентіміз өндірістік іс-тәжірибеден өтті;
  3. Дуалды оқыту жүйесі бойынша оқитын студенттер саны көбейді;8.     Профессорлар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығы бойынша серіктес жоғары оқу орындарының саны ұлғайтылды;
  1. 2 ішкі ғылыми жоба бойынша жұмыс жүргізіліп, 2 ғылыми-теориялық студенттік конференциялар өткізілді және қатысушылардың үздік баяндамалары конференцияның электронды жинағында жарияланды;
  1. Туризм және Қонақжайлылық мектептерінің педагогикалық құрамы жаңартылып, туризм және қонақжайлылық саласындағы кәсіби стандарттар әзірленді;
  1. 30 шетелдік университетпен және БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымымен ынтымақтастық сәтті орнатылды;

Жиын соңында, ректор Конституция күніне орай біршама қызметкерлерді арнайы алыс хатпен марапаттап,  болашағы мен халық игілігі жолындағы мақсатты істеріне сәттілік тіледі.