“WIN CUP” сайысы өтті

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің «Тілдер» кафедрасы және университет жастарының ұйымдастыруымен болашақ мамандарымыздың тіл білімі деңгейін көтеру мақсатында 27.04.2023 жылы университет қабырғасында атаулы “WIN CUP” сайысы өтті. Тартысты сайыста Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің білікті студенттері мен Халықаралық Туризм және меймандостық университетіміздің болашақ туризм мамандары 4 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, түрік) бас кубокты жеңу үшін тартысты сайысқа түсті және ол сайыста біздің студенттер жеңіске жетіп, озат екендерін көрсете білді.

Сонымен қатар, «1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» орай Қазақстандағы әр ұлттың тілі мен салт-дәстүрі туралы әңгіме қозғалды. Бұл мерекенің мақсаты – ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау ғой. Сондықтан білімгерлеріміздің өзара достығы мен түсіністігі одан әрі жалғасып, берік бола бергені нұр үстіне нұр», – дейді «Тілдер» кафедрасының меңгерушісі Дәулет Әзілханұлы Тоғызбаев.

   IUTH Баспасөз қызметі