«Отбасы – мемлекет құндылығы, қоғам бірлігі»

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының ұйымдастыруымен 03 мамыр күні университет білімгерлеріне «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы»  аясында «Отбасы – мемлекет құндылығы, қоғам бірлігі» тақырыбында дәріс оқылды. Дәріске арнайы қонақ ретінде Түркістан қалалық сотының төрағасы Жаңбырбаева Айгүл Махмұтқызы шақырылды.

Аталған іс-шараның мақсаты: Отбасы институтын нығайту, неке мен отбасы, ана мен әке және баланың құқығын қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін, өмір сапасын арттыруға, рухани-адамгершілік отбасылық құндылықтарды сақтауға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара болып табылады.