ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! IUTH білімгері «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық жобасына қатысты

2023 жылдың 10 наурызында 1 курс «ХІТeng 22-01» тобының студенті Аяна Маратқызы Есланбек Халықаралық студенттер ассоциясының (Қазақстан, Астана) «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігімен ұйымдастырған «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық жобасына және талантты жастар кітап жинағының VІ шығарылымына қатысты.

Байқаудың шарты – өмірбаян, жетістіктері туралы және ғылыми мақала жазу болды. Аяна байқауға «Мамандығымның призмасы арқылы ғылыми таным» мақаласын ұсынды. Оның жетекшісі Тілдер кафедрасының қауымд. проф. Өмірзақова Зәуре Әсетқызы. Тобының кураторы Қайроллақазы Қажатұлы.

Байқау қорытындысы бойынша Аяна білім, ғылым, спорт және мәдениетке қосқан үлесі үшін «ТМД-ның үздік студенті – 2023» медалімен, екінші дәрежелі дипломмен марапатталды, өмірбаяны жинақта жарияланды, ал оның жетекшісі осы жобада белсенді жастарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс хатпен марапатталды. Жинақтың тұсаукесері және марапаттау рәсімі 2023 жылғы 27 сәуірде Астана қаласында «Жастар және ғылым: Тәуелсіздіктің жаңа бағыттары» VII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында өтті.

Шығармашылық табыс тілейміз!!!

   IUTH Баспасөз қызметі