Халықаралық тәжірибе алмасу

Құрметті студенттер, сіздер үшін керемет жаңалық!

ABU TELP 2023 тәжірибе алмасу бағдарламасына өтініш беру мерзімі 26 ​​қаңтардан 10 ақпанға дейін ашық екенін хабарлаймыз! Өтінішті онлайн түрде бере аласыз. Алдымен, https://telp.antalya.edu.tr/ сайтына кіріп, «өтініш беру» түймесін басасыз. Сіздің өтініміңізді серіктес қонақүйлер қараған соң TELP қосымша жүйесі арқылы ABU TELP бағдарламасына қатысуға келісім аласыз. Онлайн өтініш беру процесінде барлық қажетті құжаттардың дұрыс сканерленгенін және жүйеге дұрыс жүктелгенін жақсылап тексеруіңізді сұраймыз.

Онлайн өтінім үшін маңызды құжаттар:

  1. Ағылшын тіліндегі транскрипт (мөр қойылған);
  2. Ағылшын тіліндегі студенттік сертификат (мөр қойылған);
  3. Төлқұжаттың көшірмесі, ол кемінде 2 жыл жарамды болуы керек. Дұрыс сканерлеуді өтінеміз;
  4. Сауалнамаға арналған ақ фонда фотосурет;
  5. Алты фотосурет;
  6. CV (резюме) (ағылшын тілінде);
  7. Ағылшын тілінің В1-В2 деңгейі туралы сертификат;

Маңызды: төлқұжатыңыздағы ақпаратты пайдалана отырып, ағылшын тілінде онлайн өтініш формасын дұрыс толтырыңыз.