Есірткісіз өмір

Нашақорлықпен күресу тақырыбы бойынша танымдық бейне-дәріс өтті

Шараға университеттің медицина қызметкерлері, университет басшылығы мен студенттік парламент ұжымы қатысты.

Есірткіге тәуелділік – толығымен медициналық мәселе еместігі анық. Яғни ол әлеуметтік факторлар мен қоршаған-ортаның теріс әсерінен қалыптасатын дерт. Демек, есірткіні қолдану да үлкен әлеуметтік мәселе болып табылады. Тиісінше бұл дертпен күресу әдістері де әлеуметтік негізде болуы керек.

Университет қабырғасында өткен «Есірткісіз өмір» атты шара осы мәселенің алдын алу жолдарын көрсетті. Танымдық бейне-дәрістің  негізгі мақсаты –  нашақорлықтың адам өміріне тигізер залалы жайында түсіндіру, студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Шара барысында нашақорлар және олардың күнделікті өмірлері жайында, нашақорлықтың таралу жолдары туралы талқыланды.

Халықтың сана-сезімін арттыруға бағытталған шара өте маңызды болды. Әрбір қатысушы медициналық орталық қызметкері мен психологқа өздерін қызықтыратын сұрақ қоюға мүмкіндік алды.

IUTH Баспасөз қызметі