“Білім және ғылым: заманауи көзқарас” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Бүгін – ғылым қызметкелерінің күні! Айтулы мерекені атап өту аясында, Халықаралық туризм және меймандостық университетінде “Білім және ғылым: заманауи көзқарас” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, оған Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің  жоғары оқу орындары мен колледждерінің 100-ден аса жас ғалымдары мен студенттері  қатысты.

Бұл ғылыми іс-шараның мақсаты студенттердің туризм, қонақжайлылық және сервис саласындағы өзіндік зерттеу және практикалық жұмыс үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ ғылыми нәтижелер мен зерттеу тәжірибесімен алмасу болды.

Конференция жұмысы келесі бағыттарда өтті:

– Қазақстан Республикасында туризмді дамыту перспективалары;

– Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылық индустриясын дамытудың қазіргі жағдайы;

– Туризм саласындағы инновациялық технологиялар;

– Қонақ үй бизнесінің дамуына экологиялық фактордың әсері;

– Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері;

– Дене шынықтыру, спорт және туризмнің өзекті мәселелері.

Ғылыми-практикалық конференция аралас форматта (онлайн және офлайн) өтті. Іс-шара бойынша “Білім және ғылым: заманауи көзқарас” халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы шығарылады, оған барлық қатысушылардың баяндамалары кіреді